Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жалақы жүйесінің нәтижесі жарияланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жалақы бойынша жаңа жүйенің нәтижесін жариялады. Аталған жүйе Әділет министрлігі, Астана қаласы және Маңғыстау облыстық әкімдігінде пилоттық режимде қолға алынған болатын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
25.09.2018 816
2

Астана қалалық департаментінің жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы тек екі параметрге - жұмыс өтілі мен атқаратын лауазым санатына ғана негізделген. Алайда, атқарылатын жұмыстың қиындығы мен қызметкердің тиімділігі ескерілмейді. Ал сыйақылар мен үстемеақылар бәріне бірдей көлемде төленеді.

- Бұл жүйе 14 жыл бұрын енгізілген болатын. Соның салдарынан орталық және аймақтық, мемлекеттік және жеке сектор қызметшілері арасында еңбекақы төлемінде теңсіздіктер туындады. Жалақы төлеудің жаңа жүйесі аталған кемшіліктерді жоюды көздейді, - деді Ж.Жылқышиева Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, пилоттық жоба орталық және жергілікті мемлекеттік орган қызметшілерінің жалақыларын теңестіруге мүмкіндік беріп отыр. «Мысалы, бұрын Астана қаласы әкімдігінің бас маманы министрлікте отырған бас сарапшыдан орташа есеппен ай сайын 70 процентке аз жалақы алатын. Ол - шамамен 115 мың теңге. Қазіргі кезде ондай айырмашылық 10 процентті құрайды. Әкімдіктің бас сарапшысы 210 мың теңге алады. Соның арқасында Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарында кадрлардың кетуі екі есеге азайды. Биылғы 8 айда тек 16 адам жұмыстан кетті. Бос орынға конкурстар 7 есе өсті. Бұрын бір бос жұмыс орнына екі-ақ үміткерден тіркелсе, енді олардың саны жиырма адамға жетті», - деп атап көрсетті Ж.Жылқышиева.

Жаңа жүйенің тағы бір ерекшелігі - жұмыс тәжірибесін есептеудің тың тәртібі. Бұрын жалпы мемлекеттік қызмет өтілі ескерілетін болса, ендігі жерде ұқсас лауазымдар бойынша функционалдық бағыттардағы тәжірибесі ескеріледі. Мәселен, кеңсе бас маманы басқа мемлеккеттік органға ауысса, жаңа жұмыс орнында оның лауазымдық тәжірибесі ескерілетін болады. Бұдан бөлек, болашақта жоғарылату кезінде жалақыны белгілегенде төмен тұрған лауазымдағы жұмыс өтілі де ескеріледі. Ондай тәсілдерді ЭЫДҰ озық елдері (Франция, Германия, АҚШ) қолданады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

12.12.2018

Түркістанды танытатын туындылар

12.12.2018

Шығай хан

12.12.2018

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

12.12.2018

Nápaqa qaıdan tabylar?

12.12.2018

Сарыбелдің «саумалы» Ұлы даланың ұтымды жобасына айналды

12.12.2018

Латын әліпбиіне көшудегі Әзербайжан тәжірибесі

12.12.2018

Тік тұрып жұмыс істеу жаттығу емес

12.12.2018

Әлемде әр үшінші мектепке таза әрі қауіпсіз дәретхана қажет

12.12.2018

Экономикада тұрақты өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу