Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі

Егемен Қазақстан
25.09.2018 2355
2

​​​Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүргені; діни бірлестік басшысының, мүшелерінің немесе діни бірлестіктің осы діни бірлестіктің жарғысында айқындалған мақсаттар мен міндеттердің шегінен шығып кететін әрекеттер жасағаны; азаматтардың шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуы бойынша еліміз заңнамасының талаптарын бұзғаны; діни радикализм көріністерін танытқаны; деструктивті діни ағымдарға жататындығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдаланғаны, киіп жүргені және таратқаны үшін әкімшілік жауаптылық көздейтін түзетулер енгізіледі.

Заң жобасымен енгізілетін жекелеген түзетулер діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тағайындалатын әкімшілік айыппұлдар мөлшерін азайтуға бағытталған.

Қылмыстық-атқару кодексіне түзетулер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту бойынша құзырет беруді көздейді.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға «деструктивті діни ағым», «діни радикализм», «діни бірлестіктің қатысушысы (мүшесі)» деген жаңа ұғымдар енгізіледі.

Заң жобасында сонымен қатар мемлекет пен дін арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, өңірлік діни бірлестіктердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі құзыретін айқындайтын түзетулер көзделіп отыр.

Комитет отырысында «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.

Заң жобасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту бөлігіндегі келісілген әлеуметтік саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Келісім ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен азаматтарының еңбектегі құқықтарын өзара қорғауға бағытталған.

Келісімде ЕурАзЭҚ-қа мүше бір мемлекеттің азаматтары ЕурАзЭҚ-қа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды еңбекке орналастыратын мемлекеттің заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру тәртібі белгіленеді.

Келісімді іске асыру жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде өндірістегі жазатайым оқиға туралы бірыңғай сипаттағы актіні пайдалануға мүмкіндік береді, онда жұмыскер, жұмыс беруші және жазатайым оқиға туралы барлық қажетті ақпарат қамтылады.

Жазатайым оқиғаның тергеп-тексерілуіне байланысты берілген, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдің бірінің аумағында ресімделген құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа елдер заңдастырмай қабылдайды.

Өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шеккен жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу еңбекке орналастырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа елдер аумағындағы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан жоғары және орта оқу орындары студенттерінің құқықтары заңды түрде қорғалмағанына назар аударды. Депутат соған байланысты өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру еңбек шарты бойынша қызмет ететін жұмысшыға ғана емес, тәжірибеден өтуші студенттерге де қатысты болуы мүмкіндігі туралы ережені қарастыруды ұсынды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу