Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

«Сыр балығы» балықшылар кооперативі 4,5 тонна балықты экспорттады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шиелі ауданындағы «СПК «Сыр балығы» балықшылар кооперативі 4,5 тонна балықты экспорттады.

«Сыр балығы» балықшылар кооперативі 4,5 тонна балықты экспорттады

Сұлу Сыр жайқалып өтетін ауданда барлығы 32 шағын көл есепте тұр екен. Мұның жиырмасының иесі бар.

Кезінде Сырда туып, кейіннен тарихи отанына қоныс аударған Денис Яковлев деген жігіт ағасы туған жеріне инвестиция салып, Шиелі ауданынан балық зауытын ашуға ниеттеніп отыр.

Ол барлық көлдерді қасындағы серіктестерімен аралап, балықтың мөлшері зауыт ашуға жететіндігін анықтаған. Енді балықшылардың өнімін өткізетін орын ашпақ. Осылайша, ақ күрішпен аты шыққан «Сырдың Швейцариясында» жоны алтындай жарқыраған балықтар терең өңделіп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қызмет ететін болады.

Экспорт - үлкен мүмкіндік. Ауданға сырттан қаржы келеді. Ал, ол елдің әл-ауқатын көтеруге қызмет етеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы