Ардагерлерге ақылы пансионат салынса

Егемен Қазақстан
01.10.2018 3930
2

Таяуда еліміздің бас басылымында Ботагөз Амалбек қарындасымыздың «Бізге қарттар үйі қажет пе?» («ЕҚ» 12 қыркүйек, 2018 жыл) деген мақаласы жарияланды. Оқып болып, ойға бе­рілдім. Мақалада келтірілгендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйін пана қылуда. Олардың көбінің дені сау, балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету қазағымызға жат қылық, ата салтымызда болмаған. Бүгінгі қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді  әрекеттерді қатыгездіктің ең жоғары деңгейі деп бағалауы тиіс» деген болатын. 

Сондай-ақ қазіргі қоғамда қарттар үйінің көбеюімен қатар адамзатты толғандырып жүрген әлеуметтік проблемалардың бірі – ол жасы келген адамның жалғыздығы болып отыр. Бұл туралы Америка психолог­­­­тар қауымдастығының жыл сайын өтетін 125-ші сессиясында ғалымдар мәлімдеме жасаған. Сарап­­­шы­лар­дың айтуынша, адам адамдармен қатар жүріп, пікір алмаспаса пси­хикасы өзгеруі әбден мүмкін. Сол­түстік Америка, Еуропа, Азия және Аустралияның 3,4 миллион тұр­ғы­нын зерттеуден өткізген 70 ғылыми-зерттеу тобының мәліметіне сенсек, бұл күндері жалғыздық адам өміріне ең қауіпті факторлар қатарына еніп, тіпті семіздіктен де қауіпті болып тұр екен. 

Алматы қаласының әкімі Ба­уыр­жан Байбек 2018 жылды «Қарттар жылы» деп жариялап, қарияларға барынша көңіл бөлуде. Қалада бұл күндері зейнеткерлер саны 222 мыңға жетіп, қала тұрғындарының 12,5 процентін қарттар құрауда. Қала әкімшілігінің қолдауымен «Жол картасына» сәйкес «Белсенді ұзақ өмір» бағдарламасы жасалып, көптеген игілікті шаралар іске асырылып отыр. Зейнеткерлер үшін қарттар үйінде кітапхана, фитнес клуб, кино көрсететін зал, қол шеберлігін арттыратын үйірмелер  мен әртүрлі спорт ойындарының бөлмелері қыз­мет етуде. Тіпті мүмкіншілігі бар қария­лар үшін экотуризм клубы ұйым­дас­тырылып, белсенді зейнеткерлерге  табиғат аясына мезгіл-мезгіл  серуенге шығуына жағдай жасалған. Су бас­сейндеріне барып, жүзумен айналысатындары да жоқ емес. Бірақ барлық өңір ардагерлеріне Алматы қаласындағыдай жағдай жасалып қоймағаны белгілі.

Ауыл қарттарына келсек, сөз тіпті басқа. «Тәйірі, зейнеткердің қолынан не келеді?» дейтіндер көп. Алайда олардың басым көпшілігі қолынан келгенше шаруашылыққа араласып, мал өсіріп, егін салып, әлі де аттан түспей, балаларына адал еңбектерімен қолғабыс көрсетіп жүрген абзал азаматтар бар. Арасында денсаулығын күтіп-баптап, кәрілікке дес бермей тұрғандары қаншама? «Қартайдым, біттім» деп үгіліп, мо­йын­дарынан су кетіп отырған олар жоқ.  Дегенмен қатары сиреп, қалжың­дасар, қауқылдасар ортасы жоқтығы қария көңілін құлазытатыны анық.

Бұл мәселеге қатысты еңбек ардагері Күләш Назарбекова бел­сен­ділік танытып, қызған еңбек ортасында жүрген азамат, зейнеткерлік жасқа жетіп депрессияға түсетіндігін өзінің қаншама жылдық іс-тәжірибесі арқылы айтып берді. Ұзақ жыл Тараз қаласындағы №1 қарттар мен мүгедектер үйінің директоры қызметін атқарған Күләш Айтбайқызының айтуынша, тіпті олардың арасынан өмірге түңіліп, өзін өзі «мүжіп» дертке шалдығатындары, сөйтіп өмірмен ерте қоштасатындар да ұшырасады. «Азаннан кешке дейін үй бағып,  немерелері мен келініне сыймай, бала әкесін, әке баласын түсінбейтін қасірет күйге тап болатын жағдайлар сирек болса да кездеседі. Сол қарттар үшін қалада арнайы ақылы пансионаттар ұйымдастырса артық болмас еді», дейді Күләш Айтбайқызы. 

Бәзбір мемлекеттерде ондай тәжі­­­­рибе бар. Таңертең барып, кешке қай­татын, бір мезгіл болса да қарттарға көңіл аулайтын орта бар екенін сезіндіретін ол пансионат мемлекеттің қаржысынан емес, мүмкіншілігі бар жеке кәсіп­кер­лердің қаржылық көмектері арқылы салынып жатса жөн. Тіпті саналы бір кәсіпкер бұл істі «тәуекел» деп батыл қолға алып, қарттардың ақылы жеке пансионатын ұйымдастырса білгендік болар еді. Жеке балабақшалар ұйымдастырып жатқан оларға бұл аса салмақ бола қоймас. Әрине қазіргі кезеңде бар ауыртпалықты мемлекеттің мойнына арта беру дұрыс емес.   

Жоғарыда айтқанымыздай, бүгін­дері біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың еңбегі зор.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі

Тараз

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу