Таным • 02 Қазан, 2018

Бүгін - электронды поштаның туған күні

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін - электронды поштаның туған күні

Цифрлы технология деген ұғым өмірімізге ажырамас бөлік болып еніп кеткен мына заманда электронды поштаның мән-маңызы туралы дәлел-дәйек айтып керек емес шығар.

Тарихына көз жүгіртер болсақ, бұл байланыс құралының негізін қалаушы - Стенфорд зерттеу институтының ғалымы, өзіміз күнде қолданып жүрген компьютердің «тышқанын» ойлап тапқан Дуглас Энгельбарт.

Сонымен қатар электронды поштаның идеясын одан әрі дамытуға үлес қосқан BBN Technologies компаниясының жетекші қызметкері болған Рэй Томлинсон. Атақты инженер бәрімізге белгілі @ таңбасын да өзі ойлап тапты.

Бүгінде интернет қолданушылардың арасында кеңінен танымал бұл мерекенің 2 қазанда тойлануының себебі: 1971 жылдың дәл осы күні Рэй Томлинсон электронды пошта арқылы алғашқы жолдамасын жіберген еді.

Қазіргі таңда әлемдегі миллиардтан астам халық бұл жүйеге тіркелген және бұл процесс әлі де тоқтаған емес. Мәселен, Ресейдің өзінде 15 млн. адам тіркелген.

Сондықтан, дәл осы деректерге сүйеніп-ақ, электронды поштаның дүниеге келуін XX ғасырдың аса маңызды оқиғаларының бірі десек, артық айтпаймыз.