Президент • 05 Қазан, 2018

Елбасы қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылайтын ұйым құруды ұсынды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылайтын комитет құру қажеттілігін айтып өтті.

Елбасы қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылайтын ұйым құруды ұсынды

«Елімізде сапасыз, денсаулыққа кесірі келетін тауарлар көп. Азық-түлік, ауыз суы, дәрі-дәрмек, ойыншықтар сияқты тауарларды тексеру мен қорғау қарастырылмаған. Қытайдан әкелінген ойыншықтардан балаларға қауіпті бояудың табылғанын білесіздер ме? Еліміздегі тексеру ұйымдарын жүйелеуіміз керек», деді Елбасы жолдау барысында. 

Мемлекет басшысының айтуынша, тауарлардың қауіпсіздігі  мен сапасын бақылау комитетін құру керек.

«Осылайша, бір ұйым арқылы тауарлардың сапасына жауаптыларды, қажет болған жағдайда айыптыларды біле аламыз. Ұйым алдымен азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, ауыз су сапасын тексеруі керек. Адам денсаулығы ең алдымен осыдан басталады», деді Елбасы.