Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

993 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы Мәдениет сарайында 10 қазан күні мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, қоғамға кіріктендіру тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған 5-ші «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өткізілді.

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

Семей қаласындағы Мәдениет сарайында 10 қазан күні мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, қоғамға кіріктендіру тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған 5-ші «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өткізілді. Бұл байқау 2014 жылдан бастап орталық директоры Рымжан Тынысованың бастамасымен қолға алынған болатын. Алғашқы жылдары қалалық, аймақтық деңгейде қалаға жақын орналасқан аймақтардың және қаладағы қоғамдық бірлестіктердің, көмекші-мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері мен орталығымыздың қызмет алушылары арасында, өткен жылдан бері облыстық  деңгейде өткізіліп келеді.

Жылдан жылға байқауға  қатысушылар саны өсіп, бес жыл ішінде қамтылған мүмкіндігі шектеулі жандар саны 74-ке жетті. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бастамасымен Семей қаласының әкімдік тарапынан қолдау тауып, Мәдениет сарайының қызметкерлерімен бірлесе облыстық деңгейде өткізілген байқауға биыл облыстың 7 ауданынан (Зайсан, Аягөз, Абай, Көкпекті, Жарма, Үржар, Тарбағатай), қаланың қоғамдық бірлестіктері, сонымен қоса Семей қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»  КММ-нен барлығы 22 талапкерлер қатысуға өтініш білдірді.

Байқаудың алғашқы кезеңі әр мекеменің өз қабырғасында өткізіліп, екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 9 жұп арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталып, 13-жұп Гала-концертке жолдама алған-ды.

Мерекеге келген өнерпаздар  мен қонақтарды көңілді кейіпкерлер қарсы алды. «Қолөнер» үйірмесіне қатысушы мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына  ұсынылды.

Өмірді өзінше танып, ішкі жан дүниесімен сезіне білген мүмкіндігі шектеулі жандар өнер әлеміне деген құлшыныстарын тамаша әнмен жеткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жігерлі де батыл жандардың қайсарлықтарының алдында бас иіп, ерекше жан екендерін күмәнсіз мойындады.

Іс-шара соңында жас ерекшеліктеріне қарай әр санат бойынша жеңімпаз жұптар анықталды. Семейлік Аяжан Дәулетқызы мен Дарын Айтқазин, зайсандық Дархан Қасейінов бас жүлдені иеленді. Шар, Көкпекті, Зайсаннан келген қатысушылар 1 орынды жеңіп алса, 2 орынды  Аягөз, Жарма аудандары өзара бөлісті. Семей, Үржар, Көкпектіден қатысқан өнерпаздар 3 орынға ие болды. Шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен диплом табысталып, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

СЕМЕЙ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше