Саясат • 16 Қазан, 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

Бүгінде Қазақстан-Финляндия қарым-қатынастары жоғарғы деңгейге шығып, екі мемлекет халықаралық және өңірлік маңызды мәселелер бойынша бір-біріне белсенді қолдау көрсетіп отырған сенімді серіктес және саяси әріптес болып есептеледі.

Қазақстан үшін Финляндия өткен 26 жыл ішінде Солтүстік Еуропа мен Еуроодақтағы көптеген мәселелер бойынша көзқарасы мен ұстанымы сәйкес келетін тұғырлы мемлекеттердің біріне айналды.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Финляндияның сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 307,9 млн АҚШ долларын құрады.

2018 жылдың қаңтар-шілде айларында сауда айналымы 160 млн АҚШ долларына жеткен. Соңғы 13 жылда (2005 жылдан 2018 жылдың 1 тоқсанында) Қазақстанға Финляндиядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 334 млн АҚШ долларын құрады. Бүгінде Қазақстанда фин капиталының үлесі бар елуден аса кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық қарым-қатынастарының негізін химия, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен-металлургия кешені, құрылыс материалдарын шығару, жоғары технологиялық сыр өндірісіндегі байланыстар құрайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына сапары екі күнге жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Финляндияға 2009 жылы мемлекеттік сапармен келген.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан» – Хельсинки (Финляндия)

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше