Нұрислам Санаев алғашқы белдесуінде Самоа елінен келген балуанды ұтса, 1/8 финалда украиналық балуаннан 10:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда отандасымыз түрік балуанын 11:6 есебімен жеңді. Жартылай финалда АҚШ балуаны Томас Гилманға мықтылығын мойындатып, финалдық белдесуге жолдама алды.
Өкінішке қарай, Дәулет Ниязбеков (65 кило), Бақтияр Ізбасаров (79 кило) және Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кило) қарсыластарына жол беріп, жүлдесіз қалды.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»