Қамысты ауданында ұсталған үш аңшы «Қызыл кітапқа» енген қазды атқан. Үш аңшыдан 2 қару тәркіленді, олардың табиғатқа келтірген шығыны 721000 теңгені құраған. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Полицейлер рейдтер кезінде 66 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 38 адам заңсыз аңшылық жасағаны, 19 адам заңсыз балық аулағаны және 9 адам тіркелмеген қару сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 384 775 теңге айыппұл салынды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай