Сенатта әскерлердің тұрғын үй мәселесі қаралды

 

Парламент Сенатында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
06.11.2018 2769
2

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева кездесуді аша келіп, елімізде мақсатты тұрғын үй төлемдері тетіктері бойынша алғаш рет әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі пайда болғанын атап өтті.

Әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетіктері 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді және әскери қызметкерлердің еңбек еткен жылдарына қарамастан тұрғын үй төлемдерін беруді; әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және басқа да жабық нысандарда орналасқан қызмет үйлерімен немесе жатақханалармен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге 50 пайыз тұрғын үй төлемдерін беруді; тұрғын үйге мұқтаж болып танылған әскери қызметшілерге босатылған кезде тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген кезеңге тұрғын үй төлемдерін беруді көздейді.

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы республикалық бюджетте  әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 94 миллиард теңге көзделіп отыр. 2019-2021 жылдарға 340 миллиардтан астам теңге қарастырылған.

Заңды іске асырған бірінші кезекте Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жәрдемімен Қарулы Күштердің 37 мыңнан астам әскери қызметкерлері жеке есеп-шот ашып, 30 миллиардтан астам теңге аударылды.

Сонымен бірге қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов тұрғын үй заңнамасына енгізілген жаңалықтарды қолдану тәжірибесі оны одан әрі жетілдіруді қажет етіп отырғанын айтты.

Атап айтқанда, тұрғын үй төлемдерін есептеу әдістерін қайта қарау ұсынылып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғын үй төлемдерінің көлемі әскери қызметкер қызмет етіп жатқан аймақтағы тұрғын үйді жалға алу құнына байланысты белгіленеді.  Бұл әдіс әскери қызметшіні тұрғын үйге деген құқықтарын теңдей іске асыру мүмкіндігін бере алмайды. Бұл туралы Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері биылғы қазан айында Шығыс Қазақстан облысындағы көшпелі отырыс барысында айтылған болатын.

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қазіргі тұрғын үй төлемдерін 11 975 әскери қызметкер алатыны туралы хабардар етті. Дегенмен, несиелік қарыз 1 млрд. 800 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 778 млн. теңге тұрғын үй төлемдері бойынша; бір жолғы тұрғын үй төлемдері мен қайтарымсыз жекешелендіру құқығына ақшалай өтемақылар бойынша 1 млрд. 19 млн. теңге болып отыр. Несие бойынша уақытында төлемеу айып пен пеняға әкеліп соғып, тұрғын үй төлемақысының көлемін қысқартуда.

Сенаторлар бұл мәселеге алаңдаушылық білдірді. Комитет төрағасы Д.Назарбаева Қаржы министрлігіне бұл мәселені пысықтауды тапсырды. «Әңгіме әскери қызметкерлердің жауынгерлік рухы туралы болып отыр. Оны аяқасты етуге болмайды. Тұрғын үй мәселелерінің шешілуі біздің комитеттің назарында болады», - деді ол.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу