Аймақтар • 08 Қараша, 2018

Павлодарда «Азаматтық Альянс үйі» ашылады

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жайында облыс  орталығында өткен Үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумында айтылды. Біздің өңірде де мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жұмыс жасап келеді. Өңірде 692 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бірақ,  кейбір тіркелген ұйымдар  қағаз жүзінде жұмыс істейтін көрінеді.  

Павлодарда «Азаматтық Альянс үйі» ашылады

Суретті түсірген: Ольга Бугаева

Форумға қатысқан облыс әкімі Болат Бақауовтың айтуынша, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің» және «Мейірімділер клубы» қоғамдық қорлары жақсы жұмыс жасап келеді.

Яғни,тең құқылы әріптес болу үшін ҮЕҰ бюджет қаражатына деген тәуелділігінен арылып, біліктіліктерін арттырып отырулары қажет. Аудандардағы ұйымдардың белсенділігі байқалмайды.

 Болат Бақауов ауылдық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін оқытуды тапсырды. Араларында  алға ұмтылғандары да бар. Шарбақты ауданындағы мысалы,  Есілбай ауылының белсенділері ауылдарын өздері көркейтуде.

Жиынға қатысқан «Азаматтық альянс» вице-президенті Мұсағали Дуамбековтың айтуынша, еліміздегі  Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы- «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Ұйымдар қызметі қай салада болмасын мемлекеттік қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны қадағалауда көмек тигізе алады.

 Екіншіден, Елбасы Жолдауын түсіндіруді ҮЕҰ өкілдері де атқара алады. Ені жер жердегі қоғамдық кеңестер мен Азаматтық альянс қызметін біріктіру  мәселесі қарастырылуда.  

Мақсат орындалу үшін- азаматтық қоғам қағидаларын жүзеге асыру қажет. Форум барысында кәсіпкерлік, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы «Асар» атты үш жақты жәрмеңкесі және пікір алмасу алаңында ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында өңіріміздің үздік ҮЕҰ-дары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жақсы жұмыстары үшін 7 бірлестік 50 мың теңгелік сертификаттарға ие болды.

Өңірдегі  «Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салты, мәдениет пен бұқаралық спортты насихаттау бойынша үздік ҮЕҰ» номинациясында «Жолдар» жастар қоғамдық бірлестігі жеңіске жетті.  

Екіншісі, «5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейтін жобалық менеджер» номинациясында  «Десента» ҚҚ ұйымы аталды. Үздік ҮЕҰ-дары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жақсы жұмыстары үшін 7 бірлестік 50 мың теңгелік сертификаттарға ие болды. 

Форумда 25 қарашада Астанада өтетін «Қазақстан Азаматтық альянсының» VIII форумына қатысатын делегаттар тізімі бекітілді.

 Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР