Солтүстік Қазақстанда өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

Қазақстан мен Ресей арасындағы ХY форум Петропавл қаласында басталды. Екі күнге созылатын алқалы басқосуға Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады деп күтілуде.

Егемен Қазақстан
09.11.2018 4265
2

Қос ел арасындағы стратегиялық әріптестік байланыстарды нығайту  жөніндегі алғашқы форум 2003 жылы Омбы қаласында өтіп, содан бері мұндай іскерлік кездесулер шекаралас аймақтарда жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл жолы күн тәртібіне «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» атты өзекті тақырып шығарылды.

Бірінші күні әмбебап теннис орталығында Қазақстан–Ресей туристік көрмесі ұйымдастырылып, салтанатты шараның  ашылуына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресейдің туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Олег Сафонов, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, ұлттық компаниялардың жетекшілері, іскер топтар, министрліктер мен ведомостволардың жауапты өкілдері, кәсіпкерлер, туроператорлар қатысты.  

Министр  өз сөзінде  Қазақстан мен Ресей арасында өзара сенімге, достыққа негізделген ықпалдастық стратегиясының нығая түскенін, оның ішінде туризм кең ауқымдылығымен сипатталатынын, бүгінде елдің бәсекелестік қабылеттілігін айқындайтын шешуші факторға айналғанынатап өтті.

Қ.Сафонов екі ел арасында достыққа, түсіністікке құрылған қарым-қатынастың стратегиялық маңызына тоқталды.

Қ.Ақсақалов форумға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, солтүстікқазақстандықтарға зор сенім артылған үлкен мәртебе екенін тілге тиек етті.

Форумға қатысушылар көрмені аралап, онда қойылған экспонаттармен танысты. Туристік компаниялар өз өнімдері мен қызмет түрлерін, инвест жобаларын ұсынды.

БАҚ өкілдерімен өткен брифингте «Kazakh Tourism ҰК» басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, Ресейдің туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Олег Сафонов, облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек туризмнің сұранысқа ие заманауи түрлеріне серпін беру, ауқымды потенциалдық мүмкіншіліктерді ұтқырлықпен пайдалану, туристік өнімдерді өткізу, жарнамалау,талапқа сай безендіру мәселелері жайлы баяндады.

Форум шеңберінде «Туризмді дамытудағы кәсіпкерліктің белсенді рөлі», «Туризм саласын цифрландырудағы қазіргі трендтер», тағы басқа тақырыптар бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылып, ой-пікірлер алмасылды.

Форумның екінші күні екі мемлекет президенттерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған құжаттар қабылданады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

14.11.2018

Месси мен Роналду «Алтын допсыз» қалды

14.11.2018

Мажарстанда топ жарды

14.11.2018

Республика бойынша үздік деп танылды

14.11.2018

Алтайда аяз 34 градусқа жетті

14.11.2018

Ескерткіш тақта орнатылды

14.11.2018

Оқу орнына келмейтін студенттерге 8 миллион теңге стипендия төленген

14.11.2018

Қызылорда облысында пойыздар қозғалысы қалпына келді

14.11.2018

Өзеннің төл атауы қалпына келді

14.11.2018

Жанкүйеріңді қуанта бер, «Тобыл»!

14.11.2018

Бітімгершілік – биік адамгершілік іс

14.11.2018

«Күлтегін» бала тілінде сөйледі

14.11.2018

Ағартушының дара жолы

14.11.2018

Алғашқы қоғамдық кітапхана

14.11.2018

Жыраулық дәстүрдің Марғасқасы

14.11.2018

Кәсіпкерлікке қолбайлау жағдайлар айтылды

14.11.2018

Mádenıetti adam. Ol kim?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу