Қазақстан • 12 Қараша, 2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасының арасында өңіраралық байланыс орнату және қарым қатынасты одан ары дамыту мақсатында Төменгі Аустрия федералды жерінің әкімшілік орталығы– Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Жиынға өңірдің билік, іскер және мәдени топтардың, консулдық корпус және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі Қайрат Сарыбай өз сөзінде Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Қазақстан тарапы еліміз экономикасының диверсификациясы аясында Төменгі Аустриямен ықпалдастықты тереңдетуге мүдделігін таныта отырып, бұл өңір өзінің ағаш өңдеу, мұнай - газ, тоқыма, тамақ өнеркәсібі және жаңармалы энергия көздерін қолдануымен танымал болып отырғаны туралы айтылды. Осыған орай, Елші аустриялық тарапты өзара ықпалдастықтың әртүрлі салаларындағы әлеуетті барынша белсенді дамытуға шақырды.

Сондай-ақ Қ.Сарыбай жаңа Құрметті консул Александр Кисске ҚР консулдық патенті пен Қазақстан Республикасының туын табыс ете отырып, қазақстан-аустриялық ынтымақтастықты кеңейту жолында сәттілік тіледі.

Аустрияның «ÖWD Wachdienst security GmbH & Co KG» компаниясының Директоры Александр Кисс Төменгі Аустрия федералды жерінде Қазақстанның мүддесін қорғау бойынша жоғары сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, екі ел игілігі үшін өзінің тәжірибесі мен білімін жұмсайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Құрметті консулдықтың ашылуына орай ҚР Аустриядағы Елшілігі тарапынан жүргізіліп жатқан «Қазақ Інжулері – Ұлы Дала cарыны» жобасы шеңберінде жас музыканттар Әлия Ақбергенова мен Николай Орининскийдің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше