Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі  халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі Елдар Әбіш «Ә.Кекілбаевтың шығарма­шы­лығы мен қоғамдық-саяси қызметіндегі неопатрио­тизм мен неокосмополитизм» тақырыбында ғылыми жұ­мыс жазып, оқушылар ара­сындағы республикалық бәйгеде және Петерборда өткен халықаралық оқушылар арасындағы жарыс­та бірінші орын алды. 

Елдар қазір Ақтау қала­сындағы жалпы білім беретін №1 мектептің 11-сыныбында оқиды. Елдардың ғылыми жұмысына жетекшілік етіп, бас-көз болып жүрген ұстазы – тарих пәнінің мұғалімі Тамара Стасенко. «Елдар кішкентай күнінен кітапқа қызығып, атасының шығармаларын оқып жүретін. Әкесінің жанында жүріп, фильм түсіру жұмыстарына да қатысатын. Өзі: «атам туралы ғылыми жұмыс жазғым келеді» деп бастама көтеріп, ғылыми жетекшісі екеуі алған тақырыптарын соңына дейін жеткізді. Республикалық, ха­лықаралық бәйгеден жүл­делі келгеніне мен де ай­рықша қуанып отырмын. Оның үстіне, жазған жұ­мысы атасы туралы» деп қуа­нышымен бөлісті әжесі, Клара Жұмабайқызы.

Бұл алғашқы ғылыми жұмысын жазу үшін Елдар атасының шығармаларын оқып қана қоймай, ол туған ауылды, оқыған университетін, жұмыс орнын түгел зерттеп, аралап шыққан. Тиянақты жұмысының нәтижесінде елеулі жетістікке жеткен тек­тінің тұяғына біз әрқашан тілеулеспіз.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше