Аймақтар • 16 Қараша, 2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

744 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған халық компози­торлары мен қазіргі заман сазгерлерінің шығармалары, осы өңірде көп орындалатын халық әндері мен есімі елге та­ныс әнші, күйшілердің  шығармалары сегіз дискіге топ­тас­­тырылып, өнерсүйер қауымның игілігіне ұсынылып отыр. 

Сарысудың музыкалық мұрасы

Бесігін ән тербеген Қа­ратау – саусағынан саз тө­гілген дәулескер күй­ші­лердің де мекені. Қарт Қа­ра­таудың қойнауы Қор­қыттан қалған сарынды жаң­­ғыртып, Ықыластай ұлы күйшімен халқының құ­ла­ғын классикалық қобыз күйлеріне қандырған жер. Сондықтан І дискі дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлеріне арналып, радиохабарлар берілді. 

Қара домбырасымен ел тарихын шежіредей сарнатқан Сүгір күйлерінен бастау алып, дәстүрдің жалғасы іс­петті күйлердің таңдаулы нұс­қалары сарысулық күй­шілердің орындауларында «Сарысу күйшілері» деген атаумен IІ дискіге енді. Және мұнда сарысулық күйшілердің шығармашылық портретін ашатын радиохабарлар да берілді.

Сарысудан шыққан композиторлар мен әншілер есімі бұл күнде алты алашқа мәлім. Осы орайда, осы өңір­ден шыққан, қа­зақ өне­рінде қайталанбас қол­таң­ба қалдырған композитор­лар Илья Жақанов пен Ты­нышбай Рахым әндері III, IV дискілерге топтастыры­лып, біртуар әншілер: Аман­гелді Сембин мен Сәуле Жан­пейісованың орын­да­уын­дағы шығармалар V-VI дискілерге жинақталған. Ал «Сарысу композиторлары мен әншілері» атты VІІ-VІІІ дискілерге аталған өңірдің талантты өнерпаздарының шығармалары енгізілді. 

Сегіз дискіден тұра­тын СД жинақ – асыл қазы­на­мызға жанашырлық танытып, жарыққа шығаруға де­меушілік жасаған белгілі ме­ценат, кәсіпкер Жеңіс То­ғызақбаев. Жоба кеңесшісі – жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сі­ңірген мәдениет қызмет­кері Илья Жақанов. Жоба про­дюсері, идея авторы Қа­зақ­стан Президенті сыйлы­ғы­ның лауреаты, Мемле­кет­тік «Дарын» жастар сый­лы­ғының иегері Болатбек Төлеп­берген.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше