Әдебиет • 29 Қараша, 2018

Жас ақындар марапатталды

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың 20 жылдығына ар­на­­лған «Жас ақын» жыр мү­шәй­ра­сының жеңімпаздары марапатталды. Байқау ережесіне сәйкес, жас ақындар «Астана – жастар жү­ре­гін­де», «Астана – жиырмадағы жас қала» және еркін тақырыпта өлеңдерін жолдаған. 

Жас ақындар марапатталды

Қазылар ал­қа­сы­ның төрағасы Несіпбек Айтұлы: «Елбасы келесі жылды Жастар жы­лы деп жариялады. Байқауға ке­ліп түскен 400-ге жуық ақынның өлең­дерін қарадық, олардың арасынан үздік 30 баланы іріктедік. Отыз ақынның арасынан 10 ақ­ынды Астанаға шақырып отырмыз. Қазақ барда, қазақтың тілі барда қа­­зақтың әдебиеті өлмейді. Адам ұрпағымен мың жасайды. Мемлекет те солай. Мемлекетіміздің болашағы осы жастардың қолында», деді. 

Мүшәйраға қатысуға 400-ге жу­ық жас ақын өтінім берген. Олар­­­­дың ара­сынан іріктелген отыз ақы­н­­­н­ың өлеңі арнайы жинақ бо­­­­лып жарық көреді. Ал ақтық сын­­ға өткен 10 ақын Астанаға ша­­­­қы­­ры­лып, марапатқа ие болды. Нөсерхан Шуақ, Сал­қын­бек Жәні­бек, Құрбанкүл Молда­бек­қызы және Қалижан Еркеназ сынды жас ақын­дар ынта­лан­дыру сый­лы­ғы мен 50 мың теңгеден сыйақы алды. Ақ­ыл­жан Нағашыбай, Медет Божан және Әйгерім Көкеева үшінші орын мен 100 мың теңге сыйақыны иеленді. Екінші орын мен 200 мың теңге сый­ақыны Оразай Жеңісұлы мен Абай Ораз жеңіп алды. Ал бірінші орын мен 300 мың теңге жүл­деге шығысқазақстандық Дани­я Сәтбекқызы лайық деп танылды.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»