Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы мәлімдемесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің қызығушылығын оятып, жігерлендіре түсті. Түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғалы бері елдік құрып, мемлекет қалыптастыру жолында талай тарихи бел-белестерден сүрінбей өтті. 

Егемен Қазақстан
29.11.2018 2288
2

Соңғы отыз жыл ішінде Түркі елдері арасындағы қарым-қатынас достастық негізінде қарқынды дамығанын ескере отырып, Елбасы мақаласы түгел түркінің ортақ тарихы мен мәдени мұрасынан хабар беріп, заманауи тұрмысты қалыптастырып, технологиялық инновацияларға себеп болатынына, тарихи жадты жаңғыртатынына кәміл сенімдімін.

Мақалада Президент Назарбаев Ұлы дала өркениетінің барлық қырлары мен құрамдас бөліктерімен танысу үшін басымдық берілетін бағыттарды жариялады. Тарихшылар, ғалымдар және сәулетшілерден құралған халықаралық қоғамдастық өкілдерін тарихи сананы жаңғырту ұмтылысына қолдау көрсетуге шақырды. Ортақ тарих, тіл, бірегейлік пен мәдениет секілді төрт бағытты негіз ете құрылған Түркі кеңесі Елбасы Н.Назарбаев ұсынған жобаларға қолдауға, бар күш-жігерін жұмсауға дайын.

«Түркі әлемінің Көшбасшысы» ретінде танылған, әлемдік деңгейдегі қайраткер Президент Н.Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруда айрықша рөл атқарды. Оның түркі интеграциясына көзқарасы рационализм мен реализмге, өзара тиімді және теңгерімді стратегияға негізделген. Сондықтан ортақ тарихымызға жаңаша көзқараспен қарап, ата-бабаларымызды есте ұстап, олардың мұрасын зерттеп, мәңгілікке сақтау, Түркі өркениетінің байлығын қазіргі заманғы үрдістерге үйлестіру тарихи және мәдени мұраны жас ұрпаққа жеткізу арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Түркі кеңесі Түркі әлеміндегі ынтымақтастық механизмдерінің бесігі ретінде құрылды. Содан бері кең ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып, мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына тікелей ықпал етіп, ынтымақтастықтың барлық салаларында елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл шаралар нақты нәтижелер көрсетіп, ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жолындағы Түркі Кеңесінің әлеуетін кеңейтті. 

Келешек ұрпақтың ортақ тарихымызды жан-жақты түсініп, мұраларымызды құрметтеуі үшін Түркі әлеміндегі білім беру, туризм, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастықтың ерекше маңызы бар.

Мүше мемлекеттердің жетекші тарихшылары жасаған оқулық жобасы өскелең ұрпаққа ортақ тарихымызды тиімді үйрететіні анық. Президенттеріміздің тапсырмасына сәйкес, Түркі академиясы бірлесе отырып 15-ші ғасырға дейінгі жалпы түркі тарихы оқулығын аяқтады. Бұл кітап келер жылы мүше мемлекеттердің оқу жоспарына қосылады.

Елбасы мақаласында айтылғандай, уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Тарихты, география мен адамзатты толық түсінбей, оны үйрену қиын екені белгілі. Түркі кеңесінің қолдауымен Түркі академиясы бастапқы жобаны жүзеге асырғаннан кейін түркі географиясы мен әдебиеті бойынша оқулықтарды дайындауға кіріседі. 

Сонымен қатар Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер заманауи Жібек жолы ортақ турын ұсынады. Аталған жоба әлемдік тауарлар мен интеллектуалды ынтымақтастық эпицентрін бейнелейтін, Еуразияның жүрегінде жатқан түркі өркениетінің нысандарымен, іздерімен және мұраларымен танысуға мүмкіндік береді.

Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер ортақ тарихты, бір мәдениет пен тілді бөлісетін жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді насихаттау және жастардың жеке дамуына үлес қосуға ерекше назар аударады. Олардың ортақ тарихпен мақтанып, келешекке сенімін артатыны анық. Қазіргі жаһандану заманында салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді жас ұрпаққа өнеге ретінде қалдыру – өзекті мәселе.

Н. Назарбаев  көшпелі тарихымыз заманауи өмірдің әр түрлі аспектілерінің қалыптасуына әсерін тигізгенін атап өткені белгілі. Қырғызстанда өтетін «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» Түркі кеңесі алаңында ең маңызды және ірі жобаға айналды. Бұл әлемдік сахнаға түркі халықтарының рухани санасы мен тарихи жадын қалпына келтіруге, ата-бабаларымыздың мәдениетін сақтауға және мақтан тұтатын өркениетімізді насихаттауға бағытталған. Бүкіл дүние жүзіне кең тараған «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» ата-бабаларымыздың мұраларын сақтап қалып, танымалдылығы артып, маңызды рөл ойнайтынына сенімдімін.

Түркі Кеңесі жаңа идеялар мен бастамалардың ең жоғарғы деңгейде дамып, жүзеге асырылатын бірегей алаңы ретінде қалыптасты. Мұнда Түркі әлемінің саяси диалогы мен ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Президенттеріміздің Түркі әлеміндегі ұжымдық рухты сақтау үшін атқарып жатқан көшбасшы рөлін, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық ұйымдарының ой-пікірі мен даналығын атап өткен жөн. Олардың ұсынатын пікірлері мен бастамалары көп жағдайда Түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жаңа басымдықтарды анықтайды. Осы орайда, Қазақстанның перспективалық дүниетанымы мен түркі әлемінің болашақ көрінісі ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» түсінігін қолдап, оны жалғастыру үшін үлкен жігер қажет.

Н.Назарбаев осы бағытта жұмыс атқару үшін «Архив 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы даланың көне өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклорының антологиясы» және «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» нақты жобаларын ұсынды. Осы жобаларды атқару барысында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер Қазақстанның билік өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта болады.

Мұндай ынтымақтастық бірлігімізге үлес қосатындығын, мемлекеттеріміз бен халықтарымызға кезігетін қазіргі және болашақтағы сынақтар мен қатерлерді шешуде ортақ әрекетке жұмылдыратынын есте ұстауымыз керек.

Түркі мемлекеттерінің күш-жігері мен бірлігі ғана түркі әлемінің дамуы мен интеграциясына серпін бере алады. Түркі әлемінің қайта өркендеуі барлық түркітілдес мемлекеттердің бірлескен іс-әрекетін одан әрі күшейтуді және осы бағыттағы ынтымақтастықты дамытуды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда Түркі Кеңесі түркітілдес мемлекеттердің өзара серіктестіктерін одан әрі тығыз нығайтуға, жаңа бастамалар мен жобаларды қалыптастыруға бар күш-жігерін салады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу