Франция жанармай бағасын өсіруге мораторий жариялады

Сейсенбі күні Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп 1-ші қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс жанармай бағасының өсуіне мараторий жариялайтынын хабарлады, деп жазады CNN.

Егемен Қазақстан
06.12.2018 1928
2 CNN Photos

Ұзақ уақытқа созылған наразылық шараларынан кейін ел билігі осындай шешім қабылдауға мәжбүр. Тұрғындар бензин мен дизель құнының күрт өсуіне қарсылық білдіріп, элита мен кедейлер арасындағы шиеленісті тудырды. Наразы топ «сары күрте кигендер» деген атпен кеңінен танымал. Автокөлікке арналған сары күрте киген шерушілер, биліктің мұндай шешімге баруын құптамады. Олар президент Эммануэль Макроннан жанармай бағасын арзандатып, елдегі экономикалық ахуалды жақсартуды талап етіп отыр.

Көптеген наразылар Парижге ауылдық жерлерден келген. Сенбі күні наразылық шарасында болған 31 жастағы Максим Николь Бретани ауылдық округінен келгенін және ол қараша айында құрылған сәттен бастап осы «сары күрте кигендер» қозғалысының мүшесі екенін айтты. Ол үш адамнан тұратын оның отбасы айына 1500 еуроға ғана өмір сүретінін айтты. «Бұл қарсылық елдегі қаржылық жүйе мен халық арасындағы күрес», деді ол.

Францияның солтүстік-батысындағы Ренндегі бай кварталдан келген Хьюго Мельхиор машинасы жоқ болғанына қарамастан, қозғалысты қолдауға Парижге келген.

Э. Макрон саяси көшбасшылардан осы аптада наразылықты ұйымдастырушылармен кездесуді сұрады. Қозғалыстың баспасөз хатшысы Максим Никольдің айтуынша, наразылық топтың басшысы саналатын Бенджамин Коши мен Жаклин Моро сейсенбіге жоспарланған Премьер-Министр Филиппен кездесуден бас тартқан. Елдегі ахуалға байланысты ол Польшадағы климаттағы өзгерістер бойынша COP24 конференциясына баруды да кейінге қалдырды.

Еске сала кетейік, 17 қарашадан бастап  елде жанармай бағасының күрт өсуіне байланысты жаппай наразылық шерулері басталған. Елдегі шеруге қатысушылардың саны өткен сенбі күні 36 мың адамға жеткен. Шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, 400-ден астам адам ұсталған. Қаланың атақты Салтанат қақпасы ауданында «сары күрте кигендер» қозғалысын қолдау үшін ұрандар жазылған, ал басқалары Макронды «бай» президент ретінде сынаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, студенттер де «сары күрте кигендер» қозғалысына қосылып, демонстранттар ғимараттарды өртеп, сейсенбіде полициямен қақтығысқа түскен. Полиция жасағы наразыларды тоқтату үшін жас ағызатын су мен газ шашып, пиротехникалық гранаттар қолданған.

Соңғы жылдары Франция мемлекетінде бензин бағасы 10-15 пайызға көтеріліп, дизельдік отын бағасы 24 пайызға қымбаттаған. Ал биылдың өзінде дизель отынының құны 16% - ға дейін өскен.

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі наразылыққа қатысты Үкіметтің шұғыл отырысын өткізіп, жақында билік пен наразы топ өкілдері ортақ мәмілеге келетінін айтқан.

 

Дайындаған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу