Анкарада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтті

5 желтоқсанда Анкарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты конференция өтті. Іс-шара Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Түркияның алғашқы Президенті М.К. Ататүрік құрған, осы елдің ең беделді құрылымдарының бірі саналатын Түрік тарих ұйымының бастамасымен және Түркия Республикасы Президент Әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Егемен Қазақстан
06.12.2018 1450
2

Жиынға Елші Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түрік тарих ұйымының басшысы Рефик Туран, сондай-ақ Түркияның басқа да ықпалды саяси тұлғалары, танымал ғалымдары мен жоғарғы оқу орындарының ұстаздары және білімгерлері қатысты.

Жиынды ашқан Түрік тарих ұйымының басшысы Р. Туран Түркі әлемінің Қазақстанның Еуразиядағы белсенділігі мен ықпалының артуына сүйсініп отырғанын айтты. Ол, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт  мүддесі үшін қажетті мақсаттарды жүзеге асырған, халыққа жол ашқан және келешектің келбетін айқындаған көшбасшы екендігі туралы пікірін білдірді.

Өз кезегінде, Елші А. Сапарбекұлы Елбасының Қазақстан ғана емес, Орталық Азия және күллі Түркі әлемінің баянды болашағы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқанын айтып, Мемлекет басшысының Түркі кеңесін құру, Түркия мен Ресей арасындағы ұшақ дағдарысын оңғару және Сирия мәселесін шешуге бағытталған Астана процесін ұйымдастыру сияқты бастамаларына тоқталды.

Түркия Парламентінің депутаты, Түркия-Қазақстан достық тобының басшысы Мехмет Али Жевхери ұлы ойшыл, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан ағартушы Ахмет Ясауи ілімі жөнінде сөз қозғады. Ол Ясауи бабамызбен Қазақстанды әлемге танытып, басқа елдермен ынтымақтастық орнату арқылы заманауи мемлекет құрған және Түркі әлемінің ақсақалы атанған Н. Назарбаевтың арасындағы рухани сабақтастыққа назар аударды.

Жиынға арнайы қатысқан Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Я. Топчу Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты мен көрегендігін атап өтіп, «Тұғырлы мемлекеттің құрушысы, парасатты, кемеңгер көшбасшы ретінде танылған Н. Назарбаев Түркі-Ислам әлемінің Ақсақалы және қазақ бауырларымыздың ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің мақтанышы» - деген пікірімен бөлісті.

Жиын Сейфеттин Ерол, Хасан Үнал және Күршат Зорлу сияқты Түркияның танымал ғалымдары және талдау орталықтарының басшылары жасаған баяндамалармен жалғасты. Баяндамалардың негізгі арқауын Елбасының жуырда жарияланған Ұлы даланың жеті қыры атты бағдарламалық мақаласының әртүрлі тұстары құрады. Баяндамашылар қазақ Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты ауқымды мақаласын жариялау арқылы Қазақстанның рухани жаңғыруына ғана емес, Түркі әлемінің бірігуіне бағдар беретін тағы бір маңызды қадам жасағынын тілге тиек етті. Сарапшылардың пікірінше, өзінің бағдарламалық мақаласында      Н. Назарбаев Қазақстанның түркілік табиғатын айқындайтын маңызды тұжырымдар жасап, Қазақ елінің Түркі әлемімен байланыстарын бекіте түсетін практикалық қадамдарды ұтымды ұсынған.   

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен қазақ және түрік тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапқа Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қазақ және түрік тілдеріндегі мақалалар енген. Жинаққа, сондай-ақ, С. Ерол, К. Зорлу, Х. Унал, Д. Әметбек, Ф. Пурташ, М. Йылдыз, Н. Шимшек, Я. Өмероғлу, И. Атабей, Е. Чағлар, Ж. Кынажы, С. Йылмаз сияқты айтулы сарапшылардың Қазақстанның даму жолы, қазақ-түрік қарым-қатынастары, Түркі әлеміндегі жақындасу мен Елбасының көреген көшбасшылығы туралы мақалалары жинақталған.  

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елшілік ұйымдастырған ресми қабылдаумен жалғасты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды

11.12.2018

Алматы облысында «Маревен Фуд» зауыты іске қосылды

11.12.2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

11.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президент мақаласын талқылады

11.12.2018

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 100  жылдығын атап өтті

11.12.2018

Қазақстандық автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

11.12.2018

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2018

Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілеріне алғыс білдірді

11.12.2018

Қазақстанда ойнайтын үш футболшы Арменияның үздігі атануға үмітті

11.12.2018

Аян Бейсенбаев «Жыл спортшысы» атанды

11.12.2018

Теміртас Жүсіпов: Жылдың үздік боксшысы атағын аламын деп ойламадым

11.12.2018

Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты

11.12.2018

Ж.Қасымбек әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

11.12.2018

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артты - А.Евниев

11.12.2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

11.12.2018

Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды

11.12.2018

Н.Нығматулин Чехияның Қазақстандағы Елшісі Э.Жигованы қабылдады

11.12.2018

ЖІӨ тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр - ҰЭМ

11.12.2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

11.12.2018

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу