Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.  

Егемен Қазақстан
13.12.2018 6421
2

Қыздар университетінің 75 жылдығы қарсаңындағы тағылымды іс Алматы қалалық әкімдігі мен оқу орнының бастамасымен ұйымдастырылды. Жиынға белгілі азаматтар мен ғалымдар, Нұртас. Оңдасыновтың туыстары және білім ордасының ұжымы қатысты. Шараны университет ректоры Гаухар Алдамбергенова ашып, қазақтың біртуар азаматының қайраткерлік істеріне тоқталды.

  – Тарихты тұлғалар жасайды. Қазақ тарихында болмысы биік, бітімі ерек азаматтар баршылық. Елінің болашағы, өскелең ұрпақтың ертеңі үшін аянбай қызмет атқарған сондай атпал азаматтың бірі де бірегейі – Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов. Нұртас Дәндібайұлы кеңестік идеология үстемдік құрып, коммунистік партия дәуірлеп тұрған заманда ұлттық кадрларды даярлауға елеулі үлес қосып, өзіндік мектебін қалыптастырды. Оңдасыновтың тікелей атсалысуымен бүгінгі Ұлттық Ғылым академиясының іргетасы қаланды. Нұртас Дәндібайұлының ұйытқы болуымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Дене шынықтыру училищесі сынды отандық жоғары мектептер ашылды. Бүгінде аталған білім ордалары – білікті маман даярлап қана қоймай, қазақстандық білім беру жүйесінде өзіндік орнын қалыптастырып үлгерді, – деді ректор.

  – Қазақта «Өткенін ұмытқан – өшкендіктің белгісі, өткенін еске алған – өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Қыздар университетіндегі бүгінгі шара – соның нақты айғағы. Өскелең ұрпақ үшін тағылым боларлық игілікті іске бастама танытып, қолдау білдірген жандарға университет ұжымы атынан алғыс айтамыз, – деді Гаухар Төремұратқызы.

Сонымен қатар мемориалды тақтаның ашылу рәсімінде Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаева мен белгілі ғалым, академик Өмірзақ Айтбайұлы сөз сөйлеп, Нұртас Оңдасыновтың қазақ халқының игілігі үшін атқарған ілкімді істері турасында кеңінен әңгімеледі.

Шара аясында сондай-ақ Нұртас Оңдасынов туралы «Биліктен биік тұлға» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтіп, кино туынды алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстан Республикасы Президенті телерадио кешенінің мұрындық болуымен жарық көрген фильмде қайраткердің саналы ғұмырының жарқын сәттері мен шығармашылық еңбектері жайлы тың мәліметтер, замандастары мен зиялы қауым өкілдерінің естеліктері баяндалған.

Айта кетейік, Нұртас Оңдасынов Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің біріншісі хатшысы қызметтерін атқарған. «Арабша-қазақша», «Парсыша-қазақша» түсіндірме сөздіктерінің авторы. Екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу