Б. Сағынтаев Visit Almaty орталығының жұмысымен танысты

Бүгін Алматы қаласына ресми сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қаланың туристік әлеуетінің дамуымен танысу мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарға : «Алматы-2» теміржол вокзалына және Visit Almaty туристік хабына барды. Осы жерде Carsharing жаңа сервисінің презентациясы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Егемен Қазақстан
21.12.2018 11851
2

Биыл қараша айында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ашылған Visit Almaty туристік хабын аралу кезінде Премьер-Министрге консультация орталығында әр туристің барлық қажетті ақпаратты: карталарды, жолнұсқауларды, тау бағдарларының атластарын, туроператорлардың брошюраларын, мәдени-бұқаралық шаралардың аңдатпаларын т.б. ала алатыны туралы баяндалды. Бұдан басқа, консультанттар түрлі мәселелерді — заңмен және денсаулықпен байланысты шұғыл мәселелерден бастап, логистикалық, мысалы, «қай жерде тамақ ішіп, Көктөбеге қалай жетуге болады» деген тәрізді мәселелерді шешуге дейін көмек көрсете алады. 11 айда орталықтан 25,2 мыңнан астам турист кеңес алған.

Б. Сағынтаев туристердің ақпараттық орталығын аралап көрді. Qazaq Oner қолөнер орталығының директоры А. Жансерікова фотоға түсуге болатын киіз үй маңында киіз үймен таныстырып, хабтың тиімді орналасуын атап өтті. Мұнда туристік әлеуетті ілгерлету бойынша жобалар іске асырылып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің және туризмді дамыту мүмкіндіктерінің талдауы жасалады. Орталық аумағында ұлттық стильде нақышталған жеті таным аймағы ашылды, туристерге арналған коворкинг-алаң бар.

Қала әкімінің орынбасары Е. Әукенов өз кезегінде, жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында қаладағы туристер саны биыл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқанын баяндады. Алматыға 43,6% турист келген, бұл Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жартысына жуығы. 2018 жылдың ІІ тоқсанында Алматыға келген туристердің саны 503 мың адамды құрады.

Туристік тартымдылықты арттыруға мүмкіндік беретін жобалардың бірі 2019–2020 жылдарға жоспарланған, «Алматы-2» темржол вокзалының реконструкциясы болады. Нысанды аралау кезінде Б. Сағынтаевқа жобаның «Алматы-2» және «Алматы-1» арасында екінші жолды, қосымша терминалды, жерасты өткелдері мен қала маңы бағыттары үшін жаңа жолаушылар платформаларын салуды қарастыратыны баяндалды. Жалпы, вокзалды жаңғырту нысанның пайдалы аумағын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнда Премьер-Министрге оңтүстік астананың көлік инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалып, «Каршеринг» жаңа сервис жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе мобильді қосымша арқылы автомобильді минутпен жалға алуды рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет жүргізуші куәлігі бар кез келген адам үшін қолжетімді. Алматыда сервис осы жылдың қазан айында іске қосылды, өткен уақыт ішінде сервиске тіркелген пайдаланушылар саны 10 мың адамнан асады. Б. Сағынтаев сервис пайдаланушылары үшін қолжетімді болатын жаңа жеңіл көліктер қатарын көрді. Барлығы жүзден астам автомобиль қойылған, 2019 жылы олардың саны 500-ге жетеді, ал 2021 жылы елімізде 1,5 мың автомобильден тұратын парк болады. Anytime компаниясының ақпаратына сәйкес, 2019 ж. наурызда сервисті Астанада, ал 2019 жылдың соңында Шымкентте іске қосу көзделіп отыр.

Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, биыл қалалық автобус паркін жаңарту көрсеткіші 80%-ға жетеді. Жеке инвестициялар есебінен автопарк пен үшінші буынның электрлік автобустарын шығаратын зауыт салынды. Оларды әрі қарай қала маршрутына қосқаннан кейін Алматы қаласының экологиялық ахуалына оң әсер етері сөзсіз. Сондай-ақ, Алматыда Қазақстанда алғашқы BRT (жылдамдығы жоғары қоғамдық көлік) желісі ұйымдастырылды. Қоғамдық көлік үшін 110 шақырымдық жол мен 10 орталық көшелерде бір жақты қозғалыс енгізілді, ал Орбитадан Жасыл базарға дейін велодәліз жасалды. Қаланың орталығын шеткі бөліктерімен, қалаға қосылған аудандармен байланыстыратын екі метро станциясы салынып жатыр.

Бүгінде Алматыда қоғамдық көліктегі барлық транзакциялардың 97%-ы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. GPS жүйесімен және автобустардағы бейнекамералармен автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі енгізілді, сондай-ақ тасымалдаушыларды субсидиялау кезінде жолаушылардың шағымдары түсетін айыппұлдар жүйесі енгізілді. Қалада жол қозғалысы ережелерін бұзудың фото-бейнетүсірілім жүйесі бар, 709 жолақ бақыланады, келесі жылдан бастап посттар екі есеге артпақ.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы туризмді дамытуға ерекше көңіл бөледі. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында кез-келген өңір үшін болашағы жарқын саланың бірі бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын құрып отырған ішкі және кірмелік туризмді дамыту екендігі айтылды. Осыған байланысты Үкімет инфрақұрылымды дамыту және туризм индустриясындағы кедергілерді жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді. 2019 жылы туризмді 2023 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы алғаш рет әзірленеді. Бағдарламаның негізгі көрсеткіші туризмнің ЖІӨ-ге қатысты үлесінің 8%-ға дейін ұлғаюы болмақ.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу