Президент • 26 Желтоқсан, 2018

Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды

751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды

Осыған байланысты Инвестициялар және даму министрлігі инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы міндетін Ұлттық экономика министрлігіне, инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Сыртқы істер министрлігіне берілмек.

Қаулыға сәйкес, Сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленді.

Бұдан бөлек, Үкімет Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағына береді. Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігіне «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын тапсырады.