Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019

Ортамыз толатын болады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ортамыз толатын болады

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтай жиынында шетте жүрген қандастарымыз жайлы сөз ете отырып, Президент Әкімшілігі және Үкіметке бірнеше нақты тапсырма жүктеген болатын. Соның бірі бұған дейін Алматы қаласында жұмыс жүргізіп келген Қауымдастық кеңсесін елордаға көшіру еді. Бұл шаруа қазір толық орындалды деуге болады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін «Отандастар» қорын құрып, сол арқылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек берудің іс-шараларын анықтап, соған сәйкес кешенді бағдарлама әзірлесін деген болатын.

Қазіргі таңда қор құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Соның бір дәлелі, жуықта көрші Ресей Федерациясында өмір сүріп жатқан қандастарымыз Омбы қаласында бас қосып, жиын өткізді. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Отандастар» қоры кешенді түрде жұмысын бастады.

Алдағы жылы атқарылар тағы бір үлкен іс – «Кө­ші-қон туралы» Заңға өзгертулер мен толық­тырулар ен­гізу мәселесі күн тәртібіне қойылып, бұл құ­жат халықаралық көші-қон стандарты негізінде жетілдіріледі деп күтілуде. Яғни, алда қабыл­данатын жаңа заң арқылы ішкі және сыртқы көші-қон мәсе­­лесінде орын алып отырған кейбір келеңсіздік тоқ­татылары анық.  

Мұхит ИЗБАНОВ, 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі