Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019

2018 жылғы желтоқсандағы азық-түлік тауарларының бағасы жарияланды

1273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2018 жылғы желтоқсан 2017 жылғы желтоқсанға) 5,1%-ға өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жемістер мен көкөністер арзандады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

2018 жылғы желтоқсандағы азық-түлік тауарларының бағасы жарияланды

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2018 жылғы желтоқсанда күрішке орташа баға килограмына 318 теңгені, 2017 жылғы желтоқсанда – 291 теңгені, ал қарақұмық жармасына тиісінше 247 және 316 теңгені құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2018 жылғы желтоқсанда киллограмына 243 теңгені, 2017 жылғы желтоқсанда 202 теңгені құрады.

2018 жылғы желтоқсанда көкөністерден картопқа орташа баға килограмына 86 теңгені (2017 жылғы желтоқсанда – 117 теңге), ақ қауанды қырыққабатқа – 101 теңгені (78 теңге), басты пиязға – 77 теңгені (94 теңге), сәбізге 98 теңгені (116 теңге) құрады.