Каспий жағалауы шақырады

Мемлекет басшысы­ Н.Назарбаев­ 2011 жылы Маң­ғыс­тау облысына­ кел­ген­ сапарында өңірді халық­ара­лық іскерлік және туризм ор­та­лығына айналдыру ке­ректігін айт­қан болатын. 

«...Маңғыстау тұр­­ғын­дарына көп адамдар өмі­рінде тым құрығанда бір рет болып көру­ді армандайтын­дай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы бір қасиетті жерде көптеген әйгілі адамдар, әулиелер жаны тыныштық тапқан. Лайым олар­дың рухы сіздерді қоршап-қор­ғап жүрсін, сіздерді қолдап жүр­сін, бақытты өмір жолына бағдар берсін» деп ба­ғалаған Елбасы өңір­дің көркі мен тарихы мақта­ну­ға да, тағылым алуға да, қы­зы­ға қа­рап тамашалауға да та­­ти­тын­дығын атап айтқан-ды. 

Егемен Қазақстан
08.01.2019 38
2

Бұл тап­сырмадан соң өл­кеде бұл салаға қатысты жұ­­мыс­­­тар қол­ға алынып, арнайы құ­жаттар қа­был­данды. Маңғыстау облыстық әкімдігі мен Еуропалық кеңестің бірлескен «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы аясында Маңғыстау облысында 2016-2020 жылдарға арналған туризмді дамыту стратегиясы жасақталды және осы бағытта жұмыстар жалғасуда. 

Қазіргі таңда аймақта туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – жағажай туризмі және туристерді қабылдау мүмкіндігіне ие болуы үшін облыс орталығы Ақтау қаласын көріктендіру. Жағажай демекші, Кас­пий теңізінің жағалауы жаңаша жасанып, жайлы демалыс орнына айналуда. Жекелеген демалыс орындары бой көтеріп, теңізде арнайы су көліктерімен серуендеу жұмысы жолға қойылуда. Ақтаудағы құны 1,9 млрд теңгеге есептелген «Скальная тропа» атты жоба тік жартастар арқылы қалалық променад және қалалық құмды жағажайлар арасындағы ұзындығы 1,5 шақырым өзіндік «көпір» қызметін атқарады.

Маңғыстауға туристік мақсатта келуші қонақтардың саны артып келеді. Бұл осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыруға ұмтылдырады. Маңғыстау облыстық туризм бас­қар­масы басшылығы 2018 жылы ту­ристердің саны 220 мың адам дең­гейінде болады, ал 2020 жылдың аяғында өңірімізге келген туристердің саны 

400 000-ға дейін өсіп, 2025 жылдан кейін осы көрсеткіш жылына 700 мыңнан асатын болады деп сендіреді. 

Туристердің саны өз алдына бө­лек әңгіме болса, оларға лайықты қыз­мет көрсету – үлкен мәселе. Маң­­ғыс­тауда туристерге сервистік қыз­мет көрсетудің сапасы күн тәрті­бінде, туризм саласын жандандыру­ды енді қолға алған өңірде бұлай бо­луы заңды да. Сондықтан туристер­дің санына сәйкес, қосымша жалпы сыйымдылығы 7-8 мың төсек-орын­ды құрайтын қонақүйлер салу қажеттігі аңғарылды. Қазіргі уақыт­та өңірде 82 орналастыру орны тір­келген, оның ішінде 16 қонақүй «3-4-5 жұлдызды» санатты саналады. 

Қонақүйлер мен басқа да туристік нысандардың құрылысын салуға қа­жетті инвестицияны қамтамасыз ету үшін өңірде алдағы бес жылда не­гізгі екі туристік аймақты дамытуға ба­ғытталған шаралар қабылданбақ. Біріншісі – Каспий теңізі жағалауы бойымен Ақтау қаласынан Құрық паромдық кешеніне дейін жағажай туризмі болса, екіншісі – этномәдени және экологиялық туризм.

Алғашқы бағытқа қарасты аумақ­­тың ұзындығы 63 шақырым­ды­­ құ­райды. Инженерлік инфрақұ­ры­лым­ның жақын орналасуы, Ақ­тау қа­ласында халыққа қызмет көр­се­ту орындарының дамығандығы, ме­­ди­­циналық мекемелердің және ха­лық­аралық әуежайдың жақын болуы аумақты дамытуға толық мүм­­кіндік береді. Бұл бағытты жү­зеге асыру үшін туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасына Шер­­қала тауы, Айрақты таулары, «То­рыш» тас шарлары, «Сұлтан-Епе» және «Шақпақ ата» жерасты мешіт­тері, «Тамшалы» және «Саура» шат­қалдары, «Жығылған» мүйісіне автомобиль жолдарын салу бойынша жоба­лармен бірге, бірқатар нысандарды электр қуатымен, сумен, газбен қамту, қолданыстағы жолды 4 жолаққа дейін кеңейту құрылыстары бойынша жобалар енгізілді. Аталған іс-шараларға республикалық бюджеттен 2019-2020 жылдарға 27 млрд теңге шамасында қаражат бағыттау жоспарланған. 

Бұл жұмыстар нәтижесінде келесі жылы «Tree of Life» демалыс базасы аумағында 3 жаңа нысан 250 орынды «Нұр» санаторийін, 120 орын­ды «Волна» қонақүй кешенін және жаңа «Tree of  Life» ойын-са­уық­ кешенін салу белгіленсе, 2020 жылы инвесторлармен 5-6 жа­ңа қонақүй кешенін салу жө­нін­де келіссөздер жүргізілуде. Ақ­тау қаласынан 25 шақырым қашық­тықтағы «Tree of Life» демалыс ба­за­сы қала тұрғындары мен қонақ­тар­дың қызығушылығына ие. База­да аквапаркқа келушілер үшін сыйым­дылығын кеңейту бойынша жоба жүзеге асырылды. Ересектер мен ба­лаларға арналған жаңа екі су аттракцио­ны қондырылды. Базаның аумағында фитнес-зал мен 2 бассейн, 22 нөмірлік қонақүй, жеті 2 қабатты отбасылық үйшіктер салынды, аймақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, 45 метрлік толқынды бассейннің құрылысы аяқталды, нөмірлік қоры 79-ға дейін өсті.

Мемлекетіміздің негізгі мақсатта­рының бірі – Каспий теңізінде теңіз круизі бағытын белсенді түр­де дамыту. Қазіргі таңда тек Кас­пий жа­ғалауын Әзербайжан, Қазақ­стан, Иран, Түрікменстан және Ре­сейдің 147,7 млн-ға жуық халқы мекен еткен. Аталған бағытты дамыт­қан жағдайда, қызықты да және сұранысқа ие туристік өнімді, оның ішінде круиздік туризмді мәдени-танымдық, экологиялық және этно­графиялық туризммен бірге қалып­тастыруға болады.

Маңғыстау облысында круиздік туристерді қабылдауға тиімді негізгі нүктелері ретінде Баутино кенті мен Ақтау қаласы таңдалған. Осы жер­лерден туристер өлкеміздің үл­кен сұранысқа ие көрікті орындарына бару мүмкіндігіне ие. Алайда, бұл мүмкіндікке қол жеткізу үшін қиын­дықтар да жоқ емес. Алдымен, халық­аралық регламенттерге сай келетін, туристердің көп ағынын қабылдауға мүм­кіндік жасайтын жолаушылар тер­миналының құрылысы мәселесін шешу қажет. 

Баутино елді мекенінде және Ақ­тау қаласында теңіз порты инфра­құ­рылымы өндірістік мақсатта болуы себепті, жаңа нысандар мен ин­фра­құрылым көлемді қаражатты қа­жет ете­тіндіктен, тиімді тетіктерді табу мә­селесі туындайды. Бұл тұрғыда жо­лаушыларды қабылдау үшін жұ­мыс жасап тұрған өндірістік ай­лақ­­тардың бағыттарын өзгерту ке­рек, қазіргі таңда теңіз порты­ ин­­фра­құрылымын меңгеретін ша­руашылық субъектілерімен талқылау жұмыстары басталған. 

Ал круиздік флотты дамыту­ мә­се­­лесінде кемелер мәселесін шешу – алдыңғы кезекте. Бұл мәселеде Ресей Федерациясының бизнес-қо­ғамдастығындағы «Өзен-теңіз» тү­ріндегі кемелерге үміт артылады. Круиз­дік кемелерді жасау да арзан ­дүние емес, мысалы 150-200 жолау­шыға арналған бір кемені жасап шы­ғару кәсіпкерге орташа алғанда 10-15 млрд теңгеге шығады екен. Сон­дықтан Маңғыстаудың туроператорлары бірлескен круиздерді шы­ғару үшін белсенді түрде ресей­лік серіктестерді іздеу бойынша жұ­мыс­тарды бастады. Мемлекет өз тара­пынан қажетті рұқсатнамалық құжат­тарды ресімдеуге, шекара арқылы өткізу тәртіптерін жеңілдетуге, та­ғы да сол сияқты жұмыстардың жүр­гізілуіне ықпал етпек. 

2015 жылы «Русь Великая» теп­ло­ходымен «Самара – Астрахань – Бау­тино – Самара» 87 адамнан құ­рал­ған алғашқы круиздік туры ұйым­дастырылды. Қазақстан аумағында олар 2 күн болды. Круиз кезінде Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 20.08.2009 жылғы №140 бұйрығымен бекітілген «Ресей Федерациясының теңіз порттарында және оған кіре- берісте жүзу және кемелердің тұру жал­пы ережелерімен» реттелетін талап­тарды түсіндіруге байланысты проблемалар туындады. Көрсетілген проблемалық сұрақтар тез арада ше­шілді, алайда әрі қарай круиз өз жал­ғасын тапқан жоқ. Осындай бірқатар мәселе бірлескен шешімдерді қа­был­дауды талап етеді. 

– Былтыр табысты өт­кізілген Ақтау қаласындағы Каспий жа­ғалауы елдерінің V Саммиті және Петропавл қаласындағы XV өңір­аралық ынтымақтастық форумы көр­ші елдердің арасында туризмді бел­сенді түрде дамытуға шын мәнінде сер­пін берді. 2019 жылы мамыр айы­на, Каспий теңізінде қолайлы ауа райы жағдайларының басталуымен круиздер ойдағыдай іске қосылады деп сенім білдіремін. 2018 жылдың соңына дейін ресейлік кеме иелерімен және туроператорлармен барлық тех­никалық және экономикалық мә­се­лелер талқыланатын екіжақты бір­қатар іскер кездесулер өткізу жос­парланған, – дейді Маңғыстау облыс­тық Туризм басқармасының басшысы Ө.Бисақаев. 

Екінші бағыт Маңғыстау өңірін­де орналасқан 13 мың тарихи-мәде­ни ескерткіштерге негізделеді. Бі­рақ алыс аймақтарға жол, жарық сынды инфрақұрылымның жеткіліксіз­дігінен, инженерлік, жол және әлеу­­мет­тік инфрақұрылымның жа­қын­ орналасқан әрі табиғи және мә­де­ни көрікті жерлер, елді мекен­дер тығыз шоғырланған және авто­мобиль жолдарының желісі жа­қсы дамыған Маңғыстау және Түп­қараған аудандарының аумағы таң­дап алынған және осы аумақтар бойынша «Маңғыстау геопаркі» ата­лымын алу үшін ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне өтінім жолданып, ЮНЕСКО-ның сарапшылары мен инспекторлары аумақты зерттеп, оның әлеуетіне жоғары баға берді. Маңғыстауда геобақ жобасы жүзеге асса, әлемнің 38 елінде тіркелген 140 жаһандық геопарк саны тағы бір баққа артады деген сөз және бұл Маңғыстауды, қазақ даласын әлемге кеңінен танытады, тиісінше шетелдік туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Маңғыстау туризмі саласына қа­тысты тәртіп, тазалық, сервистік қыз­мет сапасы, өзге де ірілі-ұсақты мәсе­лелер тұрғысында айтуға болатын, тіпті сынға ілігетін тұстар аз емес. Бірақ басталып жатқан алуан істі сынау мен мінеуден гөрі, ақыл-кеңес қосып, бірлесе көтеру тиім­дірек. 

Маңғыстау туризмін дамыту – аз уақытта аяқталатын жұмыс емес, әлі талай нысандар ашылып, небір идеялар өмірге келіп, тасада қалып келе жатқан талай көзтартар орындар туристер түгілі тұрғындарды таң­­ғалдырар орындарға айналуы мүм­­кін. Сондықтан өңірдегі туризм саласында бүгінгі атқарылған істерді үл­кен жұмыстардың бастамасы деп қарауымыз керек. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу