«Салық рақымшылығы» қалай жүзеге асып жатыр?

Отандық бизнесті дамыту мен қолдауға қатысты мемлекеттің ұстанымы айқын. Оның бір мысалын бизнес қауымдастықтың алаңсыз жұмыс істеп, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосуына жол ашатын заңнамалық және басқа да түрлі шынайы қолдауға қатысты бастамалардан байқауға болады.

Егемен Қазақстан
11.01.2019 6721
2

Бұл бағыттағы жұмыстардың басында кәсіпкерлерді сыртқы ортаның кедергісінен қорғауға қатысты шешімдер тұр. Әсіресе, бизнестің дамуна кедергі болатын әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталаған жұмыстар ауқымды. Бұл міндетті Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында да нақты айтқан болатын. Президент «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек...» дей келе, биылдан бастап отандық бизнес үшін салық рақымшылығын жасауды Үкіметке тапсырған еді. Қазір аймақтарда дәл осы талаппен бірқатар шаралар қолға алынып, кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық айтылып жатыр.

Елбасының «Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын...» деген жүктемесіне орай Алматы облысында да нақты іс атқаруда. Дерек бойынша, бүгінге дейін облыстағы 9 мыңнан астам кәсіпкерге салық рақымшылығы жасалған. Яғни, бизнес өкілдерінің берешегі ретінде есептелен 1,6 млрд теңгеден астам сомадағы өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылуда.

- 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі борышты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген кәсіпкерлерге өсімақылар мен айыппұлдар алынып тасталады. Бұл ретте айыппұл сомасы былтырғы 1 қазандағы жағдай бойынша, ал өсімпұл сомасы – негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген сомасы есептен шығарылады. Жалпы облыс бойынша 9,6 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық рақымшылық жасау жоспарланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1,5 млрд теңге көлемінде өсімпұл мен 102,8 млн теңге көлеміндегі айыппұлдар алынады, - дейді бұл туралы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Шұғыла Қалибекова.

Бұл бірден және оңай жүзеге асатын шаруа емес екені белгілі. Қазір салық органдарының қызметкерлері  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, шағын және орта бизнес қауымдастығымен жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлер палатасының аясында «Салық қызметкері сағаты» жобасы іске қосылды. Бұл жерде бизнес өкілдері жеке кәсіпкерлікті уақытша тоқтату мен жабу, мүліктік табыс салығын төлеу, сауда саласында электронды шот-фактураларды шығару және басқа да мәселелер бойынша ақыл-кеңес алады. Нәтижесі жаман емес.

- Бұл салық рақымшылығы кәсіпкерлік қызметіне оң әсер беретіні сөзсіз. Елбасы тапсырмасы мемлекет тарапынан көрсетілген тағы бір нәтижелі қолдау. Өз кезегінде ол аймақтардағы көптеген жобаның дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпалын тигізеді, - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов.

Жалпы, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына өңір кәсіпкерлерінен түрлі тақырыптағы өтініш жиі түседі екен. Оның ішінде өткен жыл ішінде осы салық саласына қатысты 110 өтініш тіркеліпті. Көп жағдайда, мұндай шағымдануға кәсіпкер мен мемлекеттік кірістер дпеартаменті арасындағы түсінбеушілік негіз болатын көрінеді. Салық саясатына қатысты даудың бірі аймақтағы «Я Лан Ган Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты болыпты. Қазір іс оңтайлы шешілген. Оқиға былай өрбиді: мемлекеттік кірістер басқармасы  компанияға 2017 жылға дейін 151,2 млн теңге сомасында кірістерді ұлғайту туралы хабарландыру жасап, бұл табысты жасырын кірістер деп тануға шешім шығарады. Мұнымен келіспеген компания Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына өтініш білдірген екен. Палата сарапшылары екі тарапты кездестіріп, ортақ шешімге келуді ұсынған. Кездесу барысында дауға айналған 151,2 млн теңге – өнім өндірісін төмендету салдарынан пайда болған 2016 жыл және 2017 жылдың арасындағы салыстырмалы жылдық кіріс айырмашылығы екені анықталды.  Мемлекеттік кірістер басқармасы компания берген құжаттарға және келтірілген дәйектерге тексеру жүргізіп, нәтижесінде хабарламаны алып тастау туралы қорытындыға келген. Бұл кәсіпкерлер құқын қорғауға қатысты жүздеген мысалдың бірі ғана.

Оның үстіне мемлекеттік қызметші тарапынан бизнестің дамуына кедергі келтіру де азаймай отыр. Өкінішке қарай, шенеуніктердің өз міндетіне салғырт қарауының салдарынан  шағын және орта бизнес өкілдерінің зардап шегетіні жайлы баспасөзде жиі жазылады. Демек, бұл тарапта әлі де мәселе бар екені жасырын емес. Мәселен, Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен қатардағы қызметкерлері жеке кәсіпкердің өтінішіне бірнеше ай бойы құлақ аспай, заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап бермей келіпті. Жеке кәсіпкер Жанар Иманғалиева өткен жылдың маусым айында қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне иелігіндегі пәтерін тұрғын үй қорынан шығарып, коммерциялық нысанға ауыстыру бойынша өтініш берген. Жеке кәсіпкер жеке пәтерін дәріхана етіп қайта жабдықтап, сауда нысанына айналдыруды мақсат тұтады. Өтінішке сай тиісті құжаттарын толық өткізген. Алайда мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бұзып, хатқа бірнеше ай өткен соң ғана өтінішті қанағаттандырмау жөнінде шешім шығарады. Амалы таусылған кәсіпкер құқықтық көмек алу мақсатында Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге мәжбүр болған екен. Өз кезегінде «атамекендіктер» қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі қызметінің заңдылығын анықтау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне хат жолдайды. Ал, департамент өкілдері бөлімге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

- Бөлім басшысы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағына сәйкес, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сүйеніп тұрғын үй қорының функционалдық мақсатын, коммерциялық нысанға өзгертуге, яғни дәріханға ауыстыруға  рұқсат беруден бас тартқан. Бірақ, бөлім басшысы шығарған шешімді Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті негізсіз деп тапты. Заң талаптарын орындамағаны үшін бөлім басшысы Анарқұлов Мұрат «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді оқиғаға құқықтық баға берген Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ақбота Әбішева.

Яғни, сәулет және қала құрылыс бөлімі сілтеме жасаған заң нормасы бойынша тұрғын үй қорынының функционалдық мақсатын, коммерциялық нысанға өзгеруге тыйым салу көрсетілмегені анықталды. Сонымен бірге кәсіпкерге  бөлім өкілдерінің 115 күнге кешіктіріп жауап бергені белгілі болды. Осы жерде қалалық бөлімнің жетекші маманына да «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Ал «Мемлекеттік қызмет көрсету» стандартына сәйкес, өтініші білдірген азаматтардың хатына жауап беру мерзімі  15 жұмыс күннен аспауы керек болатын.

Жалпы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында шағын және орта бизнестің дамуына барлық жағдай жасалатынына кепілдік берген болатын. «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек...» деген Президенттің осы сөзін негізге алған Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы арыз-шағымын арқалап келген әрбір бизнес иесіне мейлінше қамқорлық танытып отыр.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу