Әлекең айтқан екен...

Елшенбүйрек тауының етегіндегі Мұқағали ақын дүниеге келген Қарасаз ауылының топырағы қасиетті. Қыста ақ торғынға малынып, жазда көк орай шалғынға оранып жататын бұл өлкенің кез келген баласын тоқтатып алып жөн сұрасаң, Мұқағали мен Еркіннің өлеңдерін жатқа соғады. Кезінде осы ауылда ұзақ жылдар бойы тіс дәрігері болған ақынжанды азамат Әлмұхаммед дейтін ағамыз бар еді. Ісі мен сөзі елге тегіс жаққан оны былайғы жұрт Әлекен деп атап кеткен. Әр сөзі түйеден түскендей, сөз жүйесін тауып айтатын көкемізді нағыз ауылдың айтқышы деуге болатындай. Бірер жыл бұрын дүниеден озған оның әр сәтте тауып айтқан орайлы әңгімелерін ауыл азаматтары бұл күні  аңыздай айтады.

Егемен Қазақстан
14.01.2019 2010
2

Әлекен ағамыз тіршілігінде ауылдас ақын ағасы Еркін Ібітановпен әзіл-қалжыңы жарасып жүретін көрінеді. Ақынның үйі де інісі жұмыс істейтін аурухана маңында болса керек. Бір күні жұмыс кабинетінде отырып терезесінен есік алдында ары-бері ойға шомып жүрген ақын ағасын көреді. Әйнектің аржағынан бақылап тұрса, Ерағаң көше бойымен ырғатылып келе жатқан әлдекімді тоқтатып, әлденелерді айтып әлгі адамды өзімен бірге үйіне ертіп кіріпті. Ағасының күйі келмей тұрғанын бірден аңғарған інісі шабытын ашайын деген оймен ауруханадағы таза спирттен  құтыға  құйып алып ақынның үйіне беттепті. Есік сарт ашылғанда аңтарылып қалған Ерағаң, суыт келген інісін сынағандай кейіп танытып: «Мына біздің Әлекен, Қызыл көзді бәле екен» деп қашанғы қалжыңбас қалпымен інісін түйреп алыпты. Ақынның шымшымасына мұқалмаған Әлекең, жол қуып келсе әкесіндей болатын Еркін ағасына қарап тұрып «Өз құлынын өзі шайнайтын, Жаман айғыр бар екен» деп, есікті сарт жауып шығып кетіпті. Сөздің парқын білетін ер көңілді Ерағаң інісінің тауып айтқан теңеуіне тәнті болып, сөзден жығылғанын білдіріп, қуып жетіп «Әй, зәнталағым-ай» деп арқасынан қағып, үйіне ертіп кіріпті деседі.   

Сол Әлмұхаммед ағамыз бір күні қайынжұртында үлкен той болатын болып Алматыға келіпті. Үлкендер жағы тойға келген өнерпаздардың сыйақысын беріп есеп айырысу ісін күйеубала ретінде ағамызға тапсырса керек. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген тауындай таза ағамыз, күнде көкжәшіктен өнерін тамашалап жүрген танымал әншінің фонаграммамен ән айтқанына қатты қапаланып, бас шайқапты. Саф өнердің майдаланып бара жатқанына назаланған ол есеп айырысар сәт келгенде гонорарға берілетін ақшаны көшірмеден өткізіп алып, әлгі әншіге ұсыныпты. Түк түсінбеген әншіміз, мазақ қылып тұрсың ба дегендей, ағамызға бажырая қараған көрінеді. Ағамыз болса: «Жұртты құры аузыңызды жыбырлатып алдамағаныңыз жөн. Киелі өнердің киесін кетіруге болмайды. Шын талант болсаңыз табиғи даусыңызбен екі ән орындап беріңіз» деп төтесінен қойып қалыпты. «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей, лажы құрыған өнерпазымыз намысқа тырысып, бір емес, бірнеше әнді тірі дауыста тамылжыта шырқап, той қонақтарының ілтипатына бөленіп кеткен екен.

Өткен жолы бір апамыздың «қазір даусы бардың емес, аузы бардың бәрі әнші ғой» деген сөзі, әлдеқашан ұмытылған бұл қызық жағдайды еріксіз еске түсірді. Осы әңгіме ойымызда қалған біз, шіркін, қазіргі концерттер мен той-думандарда құр ауызды жыбырлатып қойып, фонограммамен ән айтудан шіміркпейтін кейбір әншілерге жұрт сол Әлекең ағамыз сияқты биік талғаммен қарай алса, киелі сахна талантсыздардан тазаланып, эстрадамыз ес жияр ма еді деген ойға қаламыз.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу