Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда заманауи офталмология орталығы ашылды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында заман талабына сай жабдықталған  офталмологиялық орталық пайдалануға берілді.

Солтүстік Қазақстанда заманауи офталмология орталығы ашылды

Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асып, жарты миллиард теңге жұмсалды. Бұдан былай солтүстікқазақстандық офталмологтар көз ауруларын емдеу үшін инновациялық әдістерді кеңінен қолданатын болады. Болашақта балалар офталмологиясын дамыту, көздің ішкі қабығы ауруларын емдеу жоспарланып отыр.

Орталықтың ашылуы медициналық қызметтер санын көбейтуге де мүмкіндік берді. Клиникада тәулік бойы кеңес-диагностика және стационарлық көмек көрсетіліп, күрделі көз аурулары емделеді. Мемлекеттік тапсырыс аясында тегін ем ала алады. Ақылы қызмет түрлері де көрсетілмек.      

«Өңірде көз аурулары бойынша 7 мыңға жуық адам диспансерлік есепте тұр. Біздің мақсат – тұрғындар үшін жергілікті жерлерде сапалы медициналық қызмет ұйымдастыру. Бұрын солтүстікқазақстандықтар көз ауруларын емдету үшін еліміздің басқа өңірлеріне, шетелге баратын болса, енді олай сабылмайды. Көп ота кепілді тегін медициналық көмек аясында тегін жасалады» деді кешеннің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Облыста биыл жаңа қондырғыларды сатып алуға бюджеттен 4 миллиард теңге бөлінді. Облыстық ауруханаға 2 магнитті-резонансты томограф пен ангиограф сатып алынады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы