Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

15 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, ауа райы тұрақсыз болуы мүмкін. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал.

15 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Сондай ақ бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды.

«2019 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Ақтөбе қаласында күтіледі", - деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.