Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Egov. Денсаулық сақтау қызметтері көп қолданылған

1373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елімізде e-Gov порталында денсаулық сақтау қызметтері көп қолданылатынын айтты. 

Egov. Денсаулық сақтау қызметтері көп қолданылған

е-Gov порталына жасалған сараптама кезінде халық арасында ең көп қолданылатын қызмет денсаулық сақтау қызметтері екені анықталған. Сондықтан былтыр медицина орталығына тіркелу мен дәрігер таңдау мүмкіндіктері іске қосылды. Дәурен Абаевтың айтуынша, 4 ай ішінде қызметтің бұл түрі 70 мың мәрте қолданылған. 

Бұдан бөлек наркодиспансер, психдиспансер, тубдиспансерден алынатын анықтамалар толықтай электронды форматқа көшірілген. Енді анықтамаларды емханаға бармай-ақ алу мүмкіндігі бар. Бұл құжаттар әдетте жұмысқа және оқуға қабылдау кезінде керек. Сол себепті аталмыш диагноздар бойынша емхана есебінде болып-болмау мәліметі жеткілікті