Жаңа емле – сындарлы қадам

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» деді. Елбасы сөзіндегі біртұтас ұлт, бұқаралық сана, қазақ тілін жаңғырту, ұлт болып шешу деген іргелі ұғымдар – ұлттық, елдік мақсатты көздеген қабырғалы ойлар. Президентіміз айқындап берген осы мақсаттан танбау, айырылмау, жоғалтып алмау бізге – парыз.

Егемен Қазақстан
18.01.2019 314
2

«Әліпби – миллионның құралы» болғандықтан мұндай бетбұрыс қоғам мүшелерін бейтарап қалдыра алмайды. Болмысынан оқу-білімге құштар қазақ халқының әрбіреуінің «әліпбиге бар таласы». Әліпби таңдау мен саралауда қоғамдық санада екіұдайлық күшейе түсетіні де сондықтан  заңдылық: қолдау да, күмәндану да, қарсылық та болатыны рас.

Алайда Елбасы жасаған сындарлы қадам жұртшылықтың санасын дүр сілкінтті. Жаңа әліпбимен жазуға құштарлық күшейіп, жұртшылық жаңа емле ережесін асыға күтті. Оянған бұқаралық сананың легіне ілесе алмау тілші-ғалымдарға сын. Жыл басынан бері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында әзірленген Емле ережесін ғылыми орта мен жаппай көпшіліктің талқысына салған,  түзету, толықтыру, стандарттау жұмыстарын атқарған ҚР Спорт және мәдениет министрлігіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Жаңа ереженің алғашқы жобасын көпшілік назарына ұсынды. Кешеге дейін еліміздің түкпір-түкпіріне насихатталған Емле жобасынан қалың көпшілік құлағдар болды. 14 қазан күні өткен жалпыхалықтық диктантта жұртшылық өз тілінің жаңа жазуымен бетпе-бет «ұшырасты». Жазу реформасының мәнін түсінді. Сөйтіп, Елорданың жаршысы – «Егемен Қазақстанда» латын графикасына негізделген қазақтың жаңа емлесінің ережелері жарияланды.

Бұл жыл ортасынан бері әзірленіп, талданып, сараланып, сынамадан өтіп, 6 желтоқсан күні Қазақ жазуын латынға көшіруге байланысты Ұлттық комиссия отырысында тыңдалып, мақұлданған жоба еді. Емле ережесі жазба тілдің орфографиялық нормаларын ұсынатын және тұрақтандыратын, жаңа жазу мәдениетін қалыптастыратын ортологиялық еңбектердің ғылыми негіздері мен басты қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Базалық нормаларды қалыптандырады.

Емле ережесі қалай жасалды? Алдымен төл сөздердің емлесіне қатысты орфографиялық ереженің ұстанатын басты ғылыми принципі айқындалды. Ол дыбыстың негізгі реңкі бойынша орфографияланатын қазақ жазуының фонематикалық ерекшелігінен шықты. Бұл А.Байтұрсынұлы анықтап берген жүйеге – дыбыстың мағына ажырататын реңкін таңбалайтын фонемалық ұстанымға (принципке) – табан тірейді. Бұл ұстаным қазіргі жазу тәжірибемізден ауытқымауға, тілдік санада жатталған жазу дәстүрінен қол үзбеуге көмектеседі. Сондықтан емле ережесінің 70-80 пайызы қазіргі жазумен сәйкес келеді. Бұл жалпыхалықтық сауаттылықтан айырылмау үшін әлемдік жазу жүйесінде қолданылатын әдіс.  

Емледе тілдің басты заңдылығы – тіл үндесімі – таңбаланады. Ал ауызша сөздегі дыбыстық үндесімдер мен үйлесімдер, сөйлеу тіліне тән айтылымдар таңбаланбайды.

Сонымен ережеде қандай жаңалықтар бар?

Алдымен жазылуы әртүрлі болып жүрген төл сөздер бір формаға түсірілді, мысалы, бірде ы, бірде і әрпі жазылып шатастыратын ақырет, құдірет, қазірет, тауқімет, құзырет сөздері тек і әрпімен ғана жазылатын болады: aqіret, qudiret, qaziret, taýqimet, quzіret. Оның себебі бұлар толық игерілмей кірген шеттілдік сөздер, әрі бұлардың түбірлері ақыр, құзыр болуы сөз мағынасына әсер етіп тұрған жоқ. Сонымен бірге сөз аяғындағы е әрпі сөзді басынан бастап, жіңішке әуезде дыбыстата бастайды, яғни сөздің орфоэпиясы жіңішке үндесіммен айтылады. Ал дауысы/даусы, ауылы /аулы деген орфограммалар қалай жазылса да, daýsy, aýly деп ы әрпі көмескі естіліп, әнтек айтылатын болғандықтан және сөз мағынасына әсер етпейтіндіктен енді жазуда түсіріліп, ықшам және үнемді жазылатын болады. Өйткені ы фонемасы қазақ сөзінде а, е әріптерінен кейін жиі қолданылатын әріп болып табылады. Әрі бұл фонеманың қазіргі қазақ әліпбиіндегі таңбасы у болғандықтан сөз тұрпаттарын ұсынақты көрсете алмайды.

Емле жобасын құрастыру, талдау, сараптау, талқылау барысында келісе алмаған бір пікір – и, у әріптерінің емлесі болған еді. и мен у-ды бір әріппен таңбалап дағдыланып кеткен қазіргі жазуды өзгертіп, жаңа емле ұсынуда үлкен себеп болуы қажет. Сауаттылықты төмендетсе немесе оқу мен жазуда қиын болса, оқытуда ауыр болса, тіл табиғатына сай келмесе, айтылым сазына кереғар болса, сөз жоқ, жазу реформасын пайдаланып, бұндай ережені қайта қарау қажеттігі бар. Оқу-оқытуда мәселе тудырып отыр ма деп, мысалы, Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің 1-4 сынып оқушыларының жазба жұмыстарын тексеріп көрдік. Сонда 102 оқушының 9-ы сиыр сөзін – сыйр, сыйыр; тиін сөзін –  тіийін және т.б. түрде таңбалап, қате жібергені байқалды. Мұғалімдер «қате негізінен нашар оқитын оқушыларда жиі, бірақ «и» емлесі оқушыларға аса қиындық туғызбайды» дегенді айтты. Ал Қ.Жұбанов болса, керісінше өзі өмір сүрген кезеңдегі оқушы қатесінің көбі ый, ій әріптері болып отыр деген екен. Сондықтан сауат ашуда аса қиындық тудырмаса, жазуда кісінің уақытын үнемдесе, бір таңбамен жазатын қазіргі жазу дағдымыздан айырылмағанымыз жөн дедік.

и, у таңбалары сөздің айтылу жүйесіне кереғар болған жоқ. Бір ми сөзінің айтылу нормасы өзгерді деп қазақ сөзінің бүкіл айтылым нормасынан айырылып барамыз деп байбалам салудың қисыны жоқ. ми сөзі түбір күйінде жиі қолданылмайды. Ол миыма, миың, мидай тұлғасында жазылып, [мійімә], [мійіңә], [мійдәй] түрінде айтылып көрген емес. Сөз, қосымша құрамындағы дауысты әріп арқылы алдыңғы буындағы дыбыстың жуан не жіңішке екенін тілтұтынушы аңғарып келеді. Сондықтан қазақ тілі емлесінің жаңа ережесінде қазіргі кирилнегізді жазу дәстүрінен қол үзбей ı (й), ý (у) әріптері дауыссызды (aı, úı, demeýshi, qaýyn) және уı (ый), іı (ій), uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестерін таңбалайтын болды (ıgilik, ınelik, ınabat, ıman; kıim, tıin, álipbı, tarıhı; ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys). Бұл емле ережесі бастауыш, орта мектеп мұғалімдері, студенттер және жалпы көпшіліктен алынған сауалнама нәтижелері және ЖОО оқытушылары пікірлері негізінде бекіді.

Шеттілдік сөздерді (жазба тұрпаты түпнұсқасынан үлкен айырмасы болмайтын өзге тілден енген сөздер) таңбалауда бүгінгі кирилл жазу санасында жатталып қалған ұрпақ пен кирилл жазуын білмейтін келешек ұрпақты тоғыстыратын емле жасау басты назарда болды. Шеттілдік сөздер негізінен әліпби шегіндегі әріптермен қазіргі донор тіл – орыс тілінің орфографиясымен таңбаланады: akvarel, stil, lager, artıkl, kegl, fılm; moderator,  marker, vaýcher, sýpervaızer, blokbaster. Бірақ қай әріп жазылса, сол әріптің білдіретін фонемасы дыбысталатын қазақ орфоэпиясына сай оқытуы қажет, яғни модератор сөзі мадератыр емес, модератыр немесе модератор түрінде айтылуы қажет.

Жаңа жазу ықшам, үнемді, оқуға оңтайлы болуы қажет. Қазақ тілінің жалғамалы сипаты, яғни сөздің түбірге қосымша жалғану арқылы түрлену, жасалу сипаты сөз тұрпатын ұзартатыны белгілі. Сондықтан жинақы жазу мақсатында артық әріптердің біреуі қысқартылады. Нақтыласақ, сөз соңы мен ортасында қайталанатын қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas, hol, profesor, gramatıka, kardıogram; metalýrgıa, sılabýs. Бұл қазіргі емлемізде бар тәжірибенің жалғасы ғана (класы, кластың).

ю, я, щ әріптері бар кию, күю, сия, ащы сөздері kıý, kúıý, sıa, ashshy түрінде жазылады. Сөз соңы мен ортасында и әрпінен кейін тұрған ю әрпі у әрпіне ауысады. Себебі екі и (ı) қатар келетіндіктен, біреуі түсіріледі. Мысалы, кию - kıý, қию - qıý, ию-ıý. Ал дауыстыдан кейін немесе бірбуынды сөздерде ю әрпі и мен у әрпінің тіркесін таңбалағандықтан, әрине, ıý жазылады. Мысалы, ою - оıý, аю - аıý. Ю әрпінің 3 түрлі таңбалануын бағдарланбаған автоматты техника ғана бір таңбамен, мысалы, не ү, не иу, не у түрінде таңбалауы мүмкін. Ал тіл, жазу адам санасы арқылы ғана жүзеге асатындықтан қарапайым тілдік білім, тілдік сана, интуиция болса жеткілікті. Бұл орфограммаларды түсіндіру қазіргі кирил жазуымен дағдыланып қалған буын үшін ғана уақытша қиындық болуы мүмкін. Мысалы, үш позицияда кездесетін ою, қию, абсолют сөздерін таңбалағанда біріншісін ойу деп жазылуға тиіс екенін кирилдағдымен де жүріп білесіз. Ал қию сөзін жазғанда тілдік, фонетикалық сауаты орта не төмен жазармандар ю әрпінің орнына иу жазып, и әрпін және жазып қояды (қииу). Бұл шындығында қазіргі кирил-қазақ емлесін жасарда кеткен қателік еді: қыйыу деп айтылатын сөздің түбірі [қый], қи-ға тұйық етістік жұрнағы жалғанда қиу болады, бірақ иу орнына ю жазылса, қю тұрпаты шығады, сондықтан екі әріпті и арқылы байланыстырған. Сол себепті екі и әрпін жазуға болмайтынын білетін тілдік білім болуы керек. Ал абсолют сияқты көптеген шеттілдік термин сөздер ú әрпімен таңбаланады: parashút, absolút. Оның себебін ашсақ: 1)  ú таңбасы ағылшын әліпбиіндегі u таңбасынан шығарылғандықтан ағылшын түпнұсқасына сай келеді; бұл parashýt, absolýt деген тұрпаттан әлдеқайда ұсынақты; 2) қосымшаны парашуттың, парашутқа, абсолуттың, абсолутқа деп жуан түрде емес,  parashútке, absolútter түрінде, соңғы буынның әуеніне қарай, жіңішке тембрмен қосымша жалғай аласыз; 3) бұл әзербайжан, түрік емлесіне де сәйкес келеді.

ю әрпін ү әрпімен таңбалауға әзербайжан емлесі 2004 жылдан бері 2 рет реформалап барып, әрең қол жеткізсе, біз бұл дұрыс емлені бірден қалыптандыра аламыз. Ал онамастикалық атаулар өзге әлем тілдері сияқты транслитерацияланып жазылады. Бұл – әліпбидегі әріптер шегінде түпнұсқадан айнытпай таңбалау дегенді білдіреді, сондықтан мысалы, Федор, Петр, Юра, Юрмала деген сөздер әліпби шегінде былай жазылады: Fiodr, Piotr, Iyrmala, Iyra, Iypiter.  Онамастикалық атаулардың емлесі 2019 жылы жеке ереже түрінде жарық көреді.  

Я әрпі төл, кірме сөздерде (Ясауи, япыр-ау, яғни, ядро, яһуди т.б. сөздерде) ıа – әріп тіркесінің таңбасы екені белгілі. Тағы да көзі қарақты, санасы сауатты тіл тұтынушы жаңа әліпбимен ıа түрінде таңбалауы тиіс. Бірақ зияткер, қиямет, алдияр тәрізді сөздерді жазғанда тілдік, фонетикалық сауаты орта не төмен жазармандар я әрпінің орнына иа жазып, и әрпін және жазып қояды (зииаткер). Шындығында, бұл орфограмма да, жоғарыдағыдай, кирил емлесін қабылдағанда болған нормадан ауытқу еді. Сондықтан жаңа емледе бір ı (и) түсіріліп жазылады. Мысалы, zıatker, qıamet, aldıar, mıa, avtonomıa, химия  - hımıa, Ásıa (Әсиа).

Кирилл әліпбиі орыс тілі үшін, оның дыбыстық құрылымына, грамматикалық ерекшеліктеріне адъекватты ең озық фонологиялық әліпби болды. Алайда қазақ-кирил әліпбиіндегі өлі әріптердің (ь,ъ), екі-үш дыбысқа ортақ теліме әріптердің (ю, я)  және ц, щ, ё, э-лардың ұлттық тіліміз үшін графемалық жүктемесі болған жоқ. Бұлар орыс тілінен енген сөздерді орыс тілінің орфографиясы бойынша жазу үшін қолданылды. Сөйтіп, кирилше қазақ әліпбиі гетерогенді сипаттағы қосамжар орфографияны жасады. Тіліміздегі терминдердің барлығы орыс тілі емлесімен бірдей болды.

Осы орайда айта кететін өзге түркі тілдеріндегі кірме әріптер жайлы қосымша бір ақпарат бар: кирил-әзербайжан әліпбиінен 1947 жылы Цц әрпі алынып тасталған. 1958 жылы Ээ, Юю, Яя әріптері ығыстырылып, Йй әрпі Јј-мен ауыстырылады. Яғни әзербайжан әліпбиіінде қазақ әліпбиі сияқты 42 әріп емес, 32 әріп болған. Бұл әліпби ресми түрде 90 жылдырдың аяғына дейін қолданыста болды. Қазір Ресей аумағындағы әзербайжан жазуында да қолданылады. Яғни әзербайжан жазуында 50 жылдардың аяғынан бері ю орнына ү әрпі таңбаланып келген. Алайда латын әліпбиіне көшерде ю әрпін у әрпімен жазып, ү графемасын таңбалауға енді ғана көшіп отыр. Сондықтан жоғарыда айтқандай, ю әрпін ү әрпімен таңбалауға әзербайжан емлесі 2004 жылдан бері 2 рет реформалап барып, әрең қол жеткізсе, біз бұл дұрыс емлені бірден қалыптандыра аламыз деп ойлаймыз.  

Ереже жалпы қазақ мәтінінің (төл сөздердің де, термин сөздердің де) емлесін қамтиды. Сөздердің жаңа әліпби негізіндегі тұрпаты алғашында мүлде бөтен, оғаш болып көрінгенмен, көре-көре көзге жатталады, қолға үйренеді, сөйтіп санада орнығады, жазу мен оқу автоматтанады. Емле ережерлерінің негізінде орфографиялық сөздік және анықтағыштар құрастырылады. Сөйтіп, жазуға ықшам, оқуға оңтайлы ұлттық жазудың негізі қаланады. 

Құралай КҮДЕРИНОВА,

«Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Орфография бөлімінің басшысы, ф.ғ.д., профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу