Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

Қандастарды тікелей сауалдары бойынша қабылдайтын байланыс орталығы ашылады. Бұл туралы «Отандастар» Қорының Президенті Нұртай Әбіқаев «Нұр Отан» партиясы қабылдау бөлімінің хатшысы, ақын  Ауыт Мұқибекті қабылдау барысында хабарлады.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 250
2

«Даярланған жұмыс жоспары аясында «Отандастар» Қоры жанынан арнайы байланыс орталығын ашпақпыз. Онда қандастарымыздың өздерін мазалайтын барлық сұраққа жауап алуына мүмкіндігі болады. Жобалық басқару тәсілі арқылы бұл орталықта елге оралған және оралуға ниетті отандастарымызға қажетті барлық ақпар жинақталатын болады. Аталмыш бастама алдымен Астана мен Алматыда, одан кейін еліміздің басқа да аймақтарында ұйымдастырылады. Жобаны жүзеге асыру барысында орталық мемлекеттік органдары, профильдік компаниялар және ұйымдармен бірігіп жұмыс істейміз деген ойдамын», - деді Қор басшысы.

Кездесу барысында Қор басшысы Нұртай Әбіқаев Ауыт Мұқибекті 50 жас мерейтойымен құттықтап, өз Отанын және халқын сүйетін ұлтжанды азамат ретінде еліміздің дамуына, тәуелсіздігінің нығаюына бағытталған іс-шараларға белсене қатысып, қолдау көрсетіп жүргені үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Қытай жерінде дүниеге келген қазақ ақыны тарихи отанына 1998 жылы бір жолата қоныс аударған.  Содан бері шет елдерде тұратын қандастарымыздың қазақ топырағына оралуына, осы орайда туындаған қиындықтардың оңтайлы шешілуіне атсалысып жүр. Қазақ көшінің жанашыры  ретінде «Тұңғыш Президенттің көші-қон қорын» құру мәселесін 2011 жылдан бастап көтеріп келді.

Қордың маңыздылығы туралы айта отырып, Ауыт Мұқибек: «Отандастар» сияқты Қордың құрылу мәселесін біраз жылдан бері көтеріп келдім. Себебі отандастарға көмек көрсететін мұндай қорлар Израиль, Германия сияқты әлемнің бірқатар алпауыт мемлекеттерінде бар екен. Елбасының тапсырмасымен, ол арман да, міне, орындалды. Келем деген қазаққа, Отанда қоныстанып қалам деген қазаққа қазір бізде қиындық жоқ. Енді олардың мәселелерімен кешенді түрде айналысатын Қордың пайда болғанына өз басым қуаныштымын», - деді ол.

Кездесу соңында Нұртай Әбіқаев қоғам белсендісін диаспоралық саясат мәселелерін шешуде ғылыми негізделген ұсыныстар шығаратын «Отандастар» Қорының ғылыми сарапшылар кеңесінің мүшелігін ұсынып, қандастарға қолдау көрсетуде күш біріктіруге шақырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу