Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысын қарау аясында жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 379
2

Министрдің айтуынша, 2018 жылы гранттар саны 20 мыңға көбейтілді. Еліміздегі гранттардың жалпы жыл сайын бөлінетін саны 69 мыңға жетті: 53 мың студент – бакалавриатта, 13 мыңы – магистратурада, 2 мыңнан астам адам PhD бағдарламалары бойынша білім алып жатыр.

Е.Сағадиев барлық грант алушылардың 50%-ы техникалық мамандықтар бойынша (34 мың) білім алып жатқанын атап өтті. Олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, радиотехника және электроника секілді еңбек нарығы үшін маңызды бағыттар бар. «Серпін» бағдарламасы бойынша ауыл жастарына 5 мың грант қарастырылған. Гранттардың шамамен 20%-ы мұғалімдерді даярлауға, оның ішінде тілдік біліктілікті күшейтуге бағытталған.

Барлық жоғары оқу орындарында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттар құны ұлттық ЖОО-лардағы гранттармен бірдей болып, 635 мың теңгені құрады. Осылайша, Білім және ғылым министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының гранттарды бөлу және құнын арттыру туралы тапсырмасы толығымен орындалды.

Жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Біріншіден, ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. 2019 жылғы қаңтар айында бірінші рет тестілеу өткізілді. Оған 35 мыңнан аса мектеп түлегі қатысты. Оларға ақпан айынан бастап ақылы оқу үшін жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік берілді.

Екіншіден, «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бакалавриатқа ұқсас магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде. Білім беру грантын тағайындау үміткерлерге ЖОО таңдау мүмкіндігін бере отырып, кешенді тестілеу нәтижелерінің негізінде іске асырылады.

Бұған қоса, Е.Сағадиев министрлік жатақханаларда жаңа орындарды беру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. 2019 жылы 5000 орын беру көзделген.

«Бүгінде үш жарым ай ішінде бізге 11 144 орынға 20 өтініш келіп түсті, 6556 орынға 12 келісімшарт жасалды. Олардың көбісі салына бастады. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін 4588 орынға тағы 8 келісімшарт жасасуды жоспарлап отырмыз. Бұл – келесі жылы берілетін жобалар», — деді Е. Сағадиев.

Білім және ғылым министрі осы жоба іске асырыла бастағаннан бері білім беру ұйымдары өз қаражаттары есебінен, осы мемлекеттік тапсырыс тетігін қолданбай 2780 орынға арналған 10 нысанды енгізгенін атап өтті.

Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орынды пайдалануға беру үшін барлық жағдай жасалған. 170 жер телімі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын әкімдіктер бөлген. 27 ұйым жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірледі, 62-сі әзірлеп жатыр. Әзірленген және үлгілік ЖСҚ банкі құрылды, оны жобаның жаңа қатысушылары пайдалана алады.

107 жоба бойынша қаржыландыру көздері анықталды: 50 жоба — өз қаражаттары есебінен, 57-сін инвесторлардың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Тетікке қатысуға жеке секторды тарту мәселесі аса өзекті әрі ынталандырудың қосымша шараларын талап етеді. Атап айтқанда, БҒМ Бизнестің жол картасын 2025 жылға дейін ұзарту аясында құрылыс салушылардың несие мөлшерлемелерін субсидиялауды ұсынады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер телімдерін бөлу жұмысын жеделдету қажет.

«Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Үшінші бастамасы жоспарланған мерзім аясында жүзеге асырылып жатыр және оны тұрақты бақылауда ұстап отырмыз», — деп түйіндеді Е.Сағадиев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Биыл Ақтөбе облысында 15 жаңа мектеп салынады

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу