23 қаңтарда елордаға 1 890 тонна көмір әкелінген. Оның 1 610 тоннасы – «Шұбаркөл», 280 тоннасы – «Қаражыра». Ал көмір бағасы төмендегідей: «Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін көмірдің 339,5 мың тоннасы сатылды. Бүгінгі таңда көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі жұмыс істейді.
23 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 15 994,89 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төрт ұлы, екі келіні бар ене қыз баланы дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 01:23
Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 00:48
Экспорт көлемі 40 пайызға артады
Экспорт • Бүгін, 00:30
Бауырлас елмен стратегиялық байланыс берік
Саясат • Бүгін, 00:23
Трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
Саясат • Бүгін, 00:15
Тимур ЖҰМЫРБАЕВ: Жас буын – мемлекеттің болашағы
Сұхбат • Бүгін, 00:05