Аймақтар • 27 Қаңтар, 2019

Көліктік карталарды қашықтықтан толтыру қызметі уақытша қолжетімді болмайды

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызмет техникалық жұмыстарға байланысты бір тәулікке ажыратылатын болады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. 

Көліктік карталарды қашықтықтан толтыру қызметі уақытша қолжетімді болмайды

«Бүгін сағат 21:00-де «Астана LRT» ЖШС серверінде техникалық жұмыстар жүргізіле бастайды. Осыған орай 26 қаңтардағы сағат 18:00-ден 27 қаңтардағы сағат 18:00-ге дейін көлік карталарын қашықтан толтыру қызметі (Qiwi, Kaspi.kz, transcard.kz және интернет банкингтер) қолжетімді болмайды», - делінген компанияның хабарламасында.