Соққыға жығылған мұғалімнің ісі соңына жетті ме?

Алматы облысы, Іле ауданының Боралдай кентіндегі К.Әзірбаев атындағы мектеп-гимназияда осыдан 1 жыл бұрын болған оқиға оқырман есінде болар. «Egemen Qazaqstan» газеті бұл тақырыпқа бірнеше рет мақала жазып, ата-ана тарапынан соққы жеп, соның зардабынан ұзақ уақыт емделген мұғалім Гүлзира Байділдаеваның жағдайын назарда ұстап келді.

Егемен Қазақстан
28.01.2019 8398
2

Жақында Іле аудандық сотында жәбірленуші мұғалімнің арызына орай қозғалған қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты. Жалпы, жылға жуық уақыт бойы тергеліп, сотқа дейінгі анықтау шарасына бірнеше рет қорғаушы тарапынан наразылық жасалып, прокуратураның  араласуымен аяқталған іс сот барысында да ұзақ қаралды. Өткен аптада аяқталған сот отырысында судья Еркін Сейітов «Қылмыстық кодекстің» 107-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыс жасаған Митрошенко Надежда Павлованы айыпты деп тауып, оған 250 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сот отырысынан кейін журналистермен кездескен Гүлзира Байділдаева Іле аудандық сотының судьясы Еркін Сейітовтың шығарған үкімімен келіспейтінін айтып, жоғары әділет инстанциясына аппеляциялық шағым түсіретін хабарлады.

- Соққы салдарынан миым шайқалып, есту қабілетім төмендеді. Әдетте мұндай қылмыс үшін 5 түрлі жаза бар екен. 2,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салу, 600 сағаттан аспайтын жұмысқа тарту, 2 жылға бостандығын шектеу немесе айыру жазасы. Негізі Митрошенконың оңай жазамен құтылатыны бір жыл бойы істі қайта-қайта тоқтату амалдарының кезінде-ақ түсінікті болып еді. Бірақ біз сонда да прокурор болсын, тергеуші болсын, тынбастан есіктерін қағып жүріп, істі осы күнге жеткізген болатынбыз. Жалпы, осы мұғалімдерді, ұстаз деген ұлы есімді болашақта осындай ата-аналар тарапынан қорлау оқиғасын болдырмау мақсатында алған бетімізден қайтпаған едік. Сондықтан бұл мен үшін өте әділетсіз шешім, - дейді Гүлзира.

Ал сот отырысында өз айыбын мойындаған ата-ана Надежда Митрошенко ашу үстінде жасаған әрекеті үшін Гүлзира Байділдаевадан  және бүкіл ұстаздар қауымынан кешірім сұрады. Сондай-ақ, айыпкер жәбірленуші тарапқа 100 000 теңге көлемінде моралдық өтемақы төлейтін болды.

Осылайша жылға жуық уақыт бойы елді елеңдеткен мұғалімді жәбірлеген ата-ана ісіне нүкте қойылған сыңайлы. Бірақ, 15 күн ішінде талап арыз беру арқылы облыстық сотқа жүгінетін жәбірленуші тарап әділет орнап, аудандық сот шешімінің күші жойылады деген үмітте.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу