Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Алматы облысында үй тонаған ұрылар тобы ұсталды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында үй тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.

Алматы облысында үй тонаған ұрылар тобы ұсталды

Біршама уақыттан бері Есік қаласы мен Қайназар, Абат, Еңбек ауылдарында жеке үйлерді тонау фактісі жиілеп, жергілікті полицияға шағымданушылар көбейген еді. Тәртіп сақшылары бұл істің артында кәнігі ұрылар тобының тұрғанын анықтап, қылмыскерлерге тұзақ құрды. Жақында қылмыс үстінде ұсталған ұрыларды тұтқындауға облыс полицейлерімен бірге «Сұңқар» арнайы жасағы да қатысты.

- Арнайы операция барысында Еңбекшіқазақ ауданында ұзақ жылдан бері тонаушылықпен айналысқан топ ұсталды. Оларды бұған дейін түрлі қылмысы үшін жалпы есебі 20 жылға сотталған аса қауіпті қылмыскер басқарып келген. Тұтқындау кезінде тоналған үйлерден алынған бағалы заттар алынды. Материалдық шығын бірнеше миллион теңгеге бағаланып отыр, - деді облыстық ішкі істер департаментінің өкілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы