Спорт • 30 Қаңтар, 2019

Колумбия турына кімдер қатысады?

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осының алдында ғана біз 6-10 ақпан аралығында веложарыстан «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігі өтіп, сол жарыста «Астана» клубының сапында кімдердің өнер көрсететіні жайында хабарлағанбыз.

 

Колумбия турына кімдер қатысады?

Пиреней түбегіндегі тартыс аяқталғаннан кейін қазақстандық клуб Оңтүстік Америка құрлығына аттанады. Ол жақта 12-17 ақпан аралығында «Колумбия туры» өтеді. Айтулы жарыстың тұсауы былтыр кесілген болатын. Тұңғыш рет ұйымдастырылған бәсекеде жергілікті велошабандоздар шашаларына шаң жұқтырмады. Атап айтсақ, Ұлыбританияның «Team Sky» клубы сапындағы 22 жастағы жас жұлдыз Эган Берналь бас жүлдені олжаласа, Наиро Кинтано мен Ригоберто Уран сынды сақа спортшылар екінші және үшінші орынды иеленді.

Екінші мәрте жалауы желбірегелі отырған «Колумбия турында» «Астана» командасы сапында Мигель Анхель Лопес, Родриго Контерас, Эрнандо Бооркес, Ян Хирт, Никита Стальнов және Давиде Вилелла өнер көрсетеді.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»