Қазақстан • 01 Ақпан, 2019

«Kompetenz» компаниясы сақтандыру қызметін жүргізу құқығын беретін лицензиядан айырылды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру қызметін жүргізу құқығын беретін лицензиядан айырылды. Бұл туралы КазТаг  Қазақстан Ұлттық банкіне сілтеме беріп хабарлады.

«Kompetenz» компаниясы сақтандыру қызметін жүргізу құқығын беретін лицензиядан айырылды

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 1- тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 2.1.24 лицензиясының қолданылуының бірнеше рет тоқтатылғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысымен «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап Лицензиядан айырылды», - делінген хабарда.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. 

«Сақтандыру ұйымы 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қаржылық қызметін, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен Сақтандыру ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. Сақтандыру ұйымын Лицензиядан айырған күннен бастап кредиторлардың Сақтандыру ұйымына талаптары Сақтандыру ұйымын ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығыстармен байланысты талаптарды қоспағанда, тарату өндірісінде ғана қойылуы мүмкін.