Білім • 12 Ақпан, 2019

Мектеп оқушылары ғылым тілін игеріп жатыр

412 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жас ғалымдардың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында интеллектуалды байқау өтті. Байқау БҰҰ  аясында Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орайластырылып отыр.  

Мектеп оқушылары ғылым тілін игеріп жатыр

Университеттің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Лаззат Булебаеваның айтуынша, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға әрі жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша жүргізілген байқау ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының ғылым саласындағы әйелдер мен қыздардың ғылым және техника салаларындағы ғылыми-зерттеулерге қатысуын қолдауға бағытталып отыр.

Шара барысында ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич пен БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттау департаментінің өкілі Властимил Самектің айтуынша, алғаш рет өткізіліп отырған байқаудың мектеп оқушылары арасында өткізілуінің маңызды екендігін атап өтті.

Жаһандық ұйым деректері бойынша соңғы он бес  жылда нәзікжандыларды ғылымға  тартуда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ресми мәліметтерде әлемдік ғалымдағы әйелдердің үлес салмағы 28,4 пайызды құрайды. Олардың басым көпшілігі бакалавр және магистрлер. Ал PhD саны айтарлықтай аз. Байқау кезеңінде әлемдік ұйымның өкілдері Валентина Рахимова «Жас ғалым әйелдердің тарихы», Кристинэ Товмасян «Ғылым және ғылымдағы әйелдер: стереотиптен арылу» тақырыптарында семинар жүргізді. Ал Наталья Ким «Биоалуантүрлілік», Арина Мясоед «Климат» және Ягшимурат Аннамурадов «Табиғи апаттар» сияқты тақырыптық «стансалар» бойынша мектеп оқушыларымен интерактивті сессиялар мен викториналық ойындар өткізді. Ойындарда ғылымның рөлі, экологиялық ахуалды шешу жолдары көрсетілген.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше