Қауіпсіздікті қатаң қадағалау қажет

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдің биылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орын­далуының қорытындылары баяндалып, тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу және 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың даярлығы тыңдалды.

Егемен Қазақстан
13.02.2019 1546
2

Қаңтар айының қорытындылары қандай?

Алдымен Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов баяндама жасады. Оның айтуынша аталған мерзімдегі ІЖӨ өсімі 2,9%-ды құраған. Тұтыну нарығының артуы, сондай-ақ өнеркәсіптің өндіруші секторларындағы сұ­ра­ныстың сақталуы − көрсеткіштің жо­ғарылауына әсер еткен не­гіз­гі фактор. Баяндамада ай­тылғандай, өнеркәсіпте сусындар – 15,6%, резеңке және пластмасса бұйымдары –14,3%, жеңіл өнеркәсіп – 17,5% және химия өнеркәсібі 6,6% өсім көрсетті.

− Есепті кезеңде тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,8%-ға өсті. Мұнай өндірісі 5,3%-ға, табиғи газ 6,1%-ға жә­не түсті металл 15,8%-ға артып отыр. Сонымен қатар ауыл ша­руа­шылығы саласы тұрақты өсім қарқынын көрсетуде, өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,6%-ға ұлғаюы есебінен болды. Қызмет көрсету саласының көрсеткіші 3,6%-ға өсті. Көлік саласында өсім 3,7%-ды құрады. Сауда-саттықта 7,5% деңгейінде айтарлықтай өсім белгіленген. Бұл негізінен газ, мұнай, мұнай өнімдері, қара және түсті металл кендері, жабдықтар, азық-түлік тауарлары, сусындар және т.б. тауарлардың бөлшек және көтерме тауар айналымының ұлғаюымен байланысты, − деді Ұлттық экономика министрі.

Жыл басынан бергі елдің экономикалық ахуалын баян­даған Ұлттық банк төрағасы Д.Ақы­шев 2019 жылғы қаңтарда ай­лық инфляция 0,5%-ды құрап, жылдық инфляция 5,2%-ға дейін бәсеңдегенін хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бастап теңгенің долларға қатысты бағамы нығайғаны байқалады. Мәселен, 8 ақпандағы жағдай бойынша теңге бағамы жыл басынан бері 1,4%-ға нығайып, бір доллар − 378,73 теңгені құрады. 

− Қаржы нарығындағы ахуал біртіндеп жақсарып келеді. Жыл қорытындысы бойынша банктердің активтері 25,2 трлн теңгеге дейін, яғни 4,5%-ға ұлғайды. 90 күннен астам мер­зі­мі өткен берешегі бар несиелер қа­рыз портфелінің 7,4%-ын құ­ра­ды, − деді Ұлттық банк төр­ағасы. 

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндаған Қаржы министрі Ә.Смайылов мемлекеттік бюджеттің кіріс­те­рі (трансферттерді есепке алма­­ғанда) 593 млрд теңгені құра­ғанын жеткізді. Өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда оның өсімі 128%-ды құрады. Бюджетке 130 млрд теңгеден артық кіріс түскен. Ал бюджет шығыстарының орындалу пайызы былтырғы осы кезеңге қарағанда жоғары болып отыр. Ә.Смайылов министрліктің мем­лекеттік органдармен бірле­сіп бюджет қаражатының уақы­тында және тиімді игерілуін қада­ғалайтынын айтты. 
Премьер-Министр Б.Са­ғын­таев бірінші айдың қоры­тын­дылары бәсеңдеу екенін атап өтті. Бірақ жылдың енді бастал­ғанын ескерген Үкімет басшысы, межелі міндеттер аясында көрсеткіштің жоғарылайтынына сенім білдірді. Бұған қоса, Б.Сағынтаев елдегі құрылыс секторына назар аударуды және өңдеу өнеркәсібінің көлемін ұл­ғайту үшін Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму минис­тр­­лігіне Қарағанды облысы­ның әкім­дігімен бірлесіп, өндіріс көле­мін қалпына келтіру мақ­сатында «Арселор Миттал Темір­тау» зауытында қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуге қолдау көрсетуді тапсырды.

Тасқынға тастүйін даярлық

Үкімет отырысында қаралған екінші мәселе көктемгі су тас­қы­ны кезеңінде төтенше жағдай­лардың алдын алуға арналды. Ішкі істер министрі лауазымында Үкіметте соңғы баяндамасын жасаған Қ.Қасымов жергілікті атқарушы органдар тарапынан су басудың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды. Оның айтуынша, су қоймаларында бос орын қа­лып­тастыру мәселелеріне көңіл бөлу қажет. Бұл өзендердің қа­уіп­сіздік деңгейін реттеуге мүм­кін­дік береді. Бұдан өзге, су басу қаупі жоғары автомобиль жә­не теміржол учаскелерін анық­тау бо­йынша қосымша шара­лар қабылдау қажеттігін айтты. 

Өз кезегінде Энергетика ми­нистрі Қ.Бозымбаев еліміздің энергетикалық кәсіпорындары су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 2 мыңнан астам арнайы техникамен жабдықталған жедел бригадалар құрғанын атап өтті. Оның сөзінше, қаптағы инертті мате­риалдар − 56 мың дана, жанар-жағармай қоры 360 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Су ре­сурстары комитетінің төра­ғасы И.Әбішев те тасқын су қау­пін болдырмау үшін құрылыс инерттік материалдардың қоры, сондай-ақ тиісті техника мен те­тіктер дайын екенін жеткізді. 

Қ.Қасымов тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндай келіп, былтыр өрттен қаза болғандардың саны Атырау облысында 2 есеге, Алматы қаласында, Шығыс Қа­зақстан және Павлодар облыстарында 25%-ға, Жамбыл облысында 8%-ға көбейгенін айтты. Өрттердің 60%-дан астамы тұрғын үй секторында болған, Министрлік тарапынан өртке қарсы техниканы қолдану және тұрғын үй секторында өту жолдары мен өрт гидранттарының жай-күйі тексерілуде.

− Тек өткен демалыс күн­дері 107 мыңдай жеке тұрғын үйде про­фи­лактикалық жұмыс жүргі­зілді (оның 7,6 мыңы уақытша құры­лыстар), 49 мыңнан астам бұзу­шылық анықталды. Бұл ретте, 13 мыңнан астам жеке тұрғын үй тұрғындары пешті тексеруден бас тартты, – деді Қ.Қасымов. Ал өткен жылы 40 мыңнан астам нысан тексеріліп, оның 139 мыңы талапқа сай еместігі анықталған. − Сотқа өрт бақылау ұйғарымын орындамайтын нысандардың жұмысын тоқтатуға 2 мыңнан астам талап-арыз жіберілді. Соның нәти­же­сінде 1 244 сауда нысанынан 1060 ірі сауда орталығы немесе 74%-ы бұзушылықтарды толығымен жойды. 138 нысандағы ТЖД талап-арыздарына сәйкес оларды тоқ­тата тұру үшін сот ресімдері жүр­гізіліп жатыр, − деді Қ.Қа­сымов.

Сөгіс жариялап, қызметтен босатты

Премьер-Министр тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және 2019 жылғы су тас­қыны кезеңіне даярлық туралы баян­дамаларды тыңдағаннан кейін, өңірлерде өрт қауіпсіздігі мен су тасқынынан қорғау жұ­мыстарында олқылықтардың бар екенін айтты. 

− Қазір қандай мәселелерді шешуіміз керек? «Баяғы жартас – бір жартас» деген сөз бар. Су тасиды, үйлер су астында қалады, қыс келеді, үйлер өртеніп жатады. Ал бәріміздің баяндама­мыз керемет. Министрлер қан­дай кемшіліктердің бар екен­дігін айтты, сол туралы жауап беру керек. Не себептен қар­жы­­ландыру мәселесі шешіл­меді? Неге берілмеді, неге іске қо­сылмады? Өртке не себепті жол берілді? Қандай тексеріс жүр­гізіліп, нендей шаралар қабыл­данды? Ол туралы бір ауыз сөз жоқ. Айтатындарыңыз «бәрі керемет, бәрі жақсы, қатаң бақы­лауда». Қандай бақылауда екен­дігін көріп отырмыз, − деді Б.Са­ғынтаев. Үкімет басшысы Ішкі іс­тер министрлігі мен барлық әкімдерге тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесін жылыту маусымының соңына дейін ба­қылауда ұстауды тапсырды. Тұр­ғын үй алабындағы өрттің алдын алу жұмыстарын жалғастыру қа­жеттігін, әсіресе көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүм­кіндігі шектеулі жандар мен қарттар тұратын үйлер жіті на­зарда болуы тиіс екенін екшелеп айтты. 

Үкімет отырысында белгілі болғандай, Қазгидрометтің болжамы бойынша кейбір өзендерде ылғал қоры нормадан жоғары. Қар­дың түсуі әлі жалғасуда. Оның үстіне ақпанның үшінші онкүн­дігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Қазгид­ро­меттің болжамына сәйкес, 1 ақпандағы жағдай бойын­ша Ақмола, Батыс Қазақ­стан, Қарағанды және Қоста­най облыстарындағы өзендер­дің бассейндерінде ылғал қоры нор­ма­дан артық. Қостанай облысын­дағы Тобыл және Тоғызақ өзен­дерінің бассейндерінде – 10-30%-ға, Ақмола облысындағы Есіл өзенінде – 15%-ға, Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде – 55%-ға, Батыс Қазақстан облы­сының өзендерінде 40-110%-ға артық екендігі анықталып отыр. Ылғал қорының көлемі тау өзен­дерінің арасында Түркістан облы­сындағы Арыс өзенінде – 15%-ға, Шығыс Қазақстан об­лы­­сын­да Ертіс өзенінің оң жағалау­ында – 40%-ға, сондай-ақ Талас-Алатау, Қаратаулардың солтүстік-батыс бөлі­гінде – 15%-ға, Тарбағатай бөк­те­рі­нің оңтүстік-батыс бөлі­гінде 30%-ға артық. 

Премьер-Министр Б.Са­ғын­таев өңірлердің әкімдеріне бір­қатар нақты тапсырма берді. 

− Тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасын сапалы іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Жұмысты үйлестіру Іш­кі істер министрлігіне жүкте­леді. Су қоймалары аймақтары мен белдеулерінде тұратын адам­дар мен нысандарды қауіп­сіз жерлерге көшіруді қамта­ма­сыз ету керек. Ішкі істер минис­тр­лігі әкімдермен бірлесіп, су тас­қыны маусымы­на күштер мен құралдардың то­лық дайын­дығын, қауіп төнген жағ­дайда халықты уақытында хабардар етуді қамтамасыз етуі тиіс. Тө­тен­ше жағдайда жедел шара қолдану қажет, – деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы өрт қауіп­сіздігі және оның алдын алу жұ­мысын тиісінше атқармағаны, бақылау жүргізбегені үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау жөнінде Президент Әкімшілігіне ұсыныс түсіретінін айтты. Бұған қоса, Төтенше жағ­дайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жариялау, Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаевты қызметінен босату, елорданың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Топашұлы Аманбаевқа қатаң сөгіс жариялау тапсырылды. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Президент елорданы Нұр-Сұлтан деп атау туралы Жарлыққа қол қойды

23.03.2019

М.Әшімбаев Атырауда қаза тапқан полицияға қатысты пікір білдірді

23.03.2019

А.Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

23.03.2019

Испанияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы «роуд-шоу» өтті

23.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың Нұр-Сұлтан атанғанын қолдайды

23.03.2019

Президент Қ.Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

23.03.2019

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

23.03.2019

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

23.03.2019

Солтүстікқазақстандық полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары

23.03.2019

Меморгандардың жаңа кәсіпорындар құруына мораторий жарияланады

23.03.2019

Қызды құтқарам деп суға кеткен Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады

23.03.2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

23.03.2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

23.03.2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

23.03.2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

23.03.2019

Юлия Путинцева Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

23.03.2019

Қостанайдағы «Бастаңғы»  көп мәселе көтерді

23.03.2019

«Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті

23.03.2019

AIBA президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

23.03.2019

Маңғыстауда наурыз мерекесін атап өтуге жағалауға 100 мың адам жиналған

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу