Спорт • 21 Ақпан, 2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатарынан екінші жыл Қазақстанның танымал велошабандозы, «Астана» клубының мүшесі Алексей Луценко «Оман туры» көпкүндігінің жеңімпазы атанды.

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

Бірнеше күнге созылған бәсекеде жерлесіміз өте керемет өнер көрсетті. Үш рет түрлі кезеңдерде топ жарған Алексей Луценко жалпы есепте жеке-дара көш бастады. Оның нәтижесі – 21:45:51. Екінші және үшінші орындарды италиялық Доменико Поццовиво («Bahrain Merida») мен испаниялық Хесус Эррада («Cofidis») иеленді.    

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше