Үкімет • 25 Ақпан, 2019

Мәжіліс Денсаулық сақтау министрі лауазымына Е.Біртановтың кандидатурасын мақұлдады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжіліс Денсаулық сақтау министрі лауазымына Е.Біртановтың кандидатурасын мақұлдады

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өткен болатын.

 «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе комитет отырысында қарастырылды.  

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Елжан Біртановтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.