Спорт • 26 Ақпан, 2019

Балуандар Болгарияда белдеседі

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 ақпан мен 3 наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында күрес түрлері бойынша атақты балуандар Дан Колов пен Никола Петровты еске түсіруге арналған халықаралық жарыстың жалауы желбірейді. 

Балуандар Болгарияда белдеседі

Олимпия ойындарына іріктеу сындардың бірі ретінде қарастырылып отырған айтулы турнирде грек-рим күресі шеберлері бәсекесінде Қазақстан құрамасы сапында Аманғали Бекболатов (55 кило), Қорлан Жақанша (55 кило), Ернар Фидахметов (60 кило), Әділхан Сатаев (63 кило), Меиіржан Шермаханбет (67 кило), Мирас Баршылықов (77 кило), Тамірлан Шадуқаев (77 кило), Мақсат Ережепов (82 кило), Азамат Құстыбаев (87 кило), Хусейн Муцольгов (87 кило) және Әлімхан Сыздықов (97 кило) сынды саңлақтар өнер көрсетеді.

Ал әйелдер күерсінен өтетін жарыста Валентина Исламова (50 кило), Татьяна Ахметова (53 кило), Марина Седнева (55 кило), Жұлдыз Ешімова (55 кило), Эмма Тисина (57 кило), Аяулым Қасымова (62 кило), Ирина Казюлина (68 кило), Жәмила Бақбергенова (72 кило), Гүлмарал Еркебаева (76 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило) боз кілемге шығады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan