Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Теннистен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда жасөспірімдер арасында үлкен теннистен бірнеше күнге созылған «Petropavlovsk ITF Juniors Championships» атты төртінші санаттағы   халықаралық турнир аяқталды.

Теннистен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Алғаш рет ұйымдастырылған  байрақты бәсекеге  АҚШ, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстаннан жүзден астам балғын спортшылар қатысып,  ептіліктері мен шеберліктерін сынасты. 

Қазақстандық теннисші Бекзат Үсіпбеков  ақтық кезеңде отандасы Шохрук Гайратовты айқын басымдықпен ұтты. Ал, жұптасып өнер көрсетуде Ресейдің өкілдері  Никита Янин мен Илья Лебедев қарсылас шыдатпады.

Қыздар арасындағы жұптық кездесуде  қазақстандық Тахмина Жанатова мен ресейлік Екатерина  Маклакова топ жарды. Жекелей  бәсекеде  Е. Маклакова  алдына жан салмады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы