18 Наурыз, 2019

Ел халқының әл-ауқатын арттырады

936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дипломатиялық қауымдастық» журналының директоры Киртан Бана Қазақстанда халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Ел халқының әл-ауқатын арттырады

Бүгінде Қазақстан қарқын­ды дамып келеді... Мен Оңтүстік Африка Республикасы ақпарат сала­сының өкілі ретінде Қазақ­стан­ға 2017 жылы жолым түс­кен. Сол жолғы сапарымда мен тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген тамаша табыстарын білдім, келісім мен татулықты ту еткен қазақстандық қоғамдағы игілікті істерге куә болдым. 

Бұл жерде елдің жоғары нәти­желерге қол жеткізуінде, әри­не Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев­тың ерен еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Мемлекет бас­шысы ішкі және сыртқы сая­сат­ты табыс­ты жүргізіп, елдің халық­а­ралық қоғамдастықтағы беде­лін арттырды. Осы саясаттың арқасында Қазақстан өзінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етті.

Осы арада айта кетейін, тәуел­сіз Қазақстан бүгінде даму­дың жаңа кезеңіне шығып отыр. Бұл елдегі жетекші саяси ұйым – «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде анық аңғарылды. Осы съезде Нұрсұлтан Назарбаев көтер­­ген бастамалар маған ерекше әсер етті. Әсіресе, Президентті мем­­лекеттік қызметшілердің жала­қысын көтеру, көп балалы ана­­лар­ға қолдау көрсету бағы­тын­да айтқан сөздері, Үкімет­ке бер­ген тапсырмалары барша қазақ­стан­дықтарды қуантты деп ойлаймын.

Меніңше, Қазақстандағы әлеуметтік қолдау шаралары ел халқының өркендеуіне, бақуатты болуына зор ықпалын тигізеді.