Өнер • 14 Мамыр, 2021

Гала-балеттер: би көркемдігі

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16 және 18 мамыр күндері елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың Гала-балеттерінің эксклюзивті, сан алуан авторлық бағдарламалары өтеді. Көрермен қауым дарынды әртістердің бірқатар айтулы дебютімен жарқын нөмірін тамашалап, лайықты бағасын бере алады.

Гала-балеттер: би көркемдігі

Осылайша, балет труп­пасының солисі, әйгілі IBBC сыйлығының лау­реаты Далер Запаров ХХ ғ­асырдың аңызға айналған балетмейстері Р.Пе­тидің хорео­графия­сын­дағы Ж.Бизенің музыкасы­на «Кармен» балетінен дуэтте сахна төріне алғаш рет шығады. Осы кеште оның сахнадағы әріптесі Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гаухар Усина болмақ. Еске салар бол­сақ, атақты хореограф Ро­лан Пети осынау дуэтті өзі­нің жұбайы, танымал балерина Зизи Жанмерге арнап қойған. Нөмірдің негізгі тақырыбы – жалын атқан Кармен мен ержүрек Дон Хо­зенің құштарлыққа толы махаббаты.

Анастасия Зак­лин­скаяның дебюті бағдарламаның тағы бір жаңалығы болмақ. «Ас­тана Опе­раның» солисі, А.Я.Ваганова атын­дағы Орыс балет ака­­лемиясының 2013 жылғы түлегі Ф.Шопеннің музыкасына қойылған М.Фо­­киннің «Шопениана» балетінен атақты Жетінші вальсте алғаш рет өнер көр­сетеді. Оған көп жылдар бойы Бавария ұлт­тық театрында ең­бек еткен халықаралық бай­қаулардың лауреаты Ол­жас Тарланов жұп болады.

Өткен ғасырдың ба­сын­да Парижде ұсы­ныл­ған «Шо­пениана» балеті – роман­ти-

­калық та­қы­рыпқа әсем стиль­­деу, бірақ Шопеннің дәл осы жетінші вальсі га­ла бағ­дар­­ламаға тұтастай жар­қын жеңілдік беріп, көрер­менді М.Петипаның хо­рео­­гра­фиясындағы Л.Мин­кус­тың «Баядерка» бале­тінен көлеңкелер көрінісі ұсы­ны­латын екінші бөлімге ақы­рындап жетелейді.

Оны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, театр примасы мен премьері Әйгерім Бекетаева мен Бақ­­тияр Адамжан балет әртіс­терімен бірге орындай­ды. «Бая­деркадағы» көлең­келер көрінісін «балеттегі ба­лет» деп те атайды. Бұл бидің қимылға толы айрықша әсе­рі әрдайым көрерменнің қо­шеметін тудырады: ба­ле­рианалардың нақты әрі ай­қын тізбектелген қатары, қи­­мыл қозғалыстарының үй­­­­лесімдігі ешкімді бейжай қал­дырмайды.

Сахна төрінде Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­рат­кері Әнел Рүстемова, Қа­зақ­станның еңбек сіңір­ген қайраткері Еркін Рахма­тул­лаев, Арман Уразов, Шұғыла Әдепхан, Аделина Төлепова, Жәнібек Ахмедиев, Нұ­-р­ай Нұрсафина, Диас Құр­ман­ғазы, Жансерік Ах­ме­тов, Назира Заетова, Қуат Кә­рібаев және бас­қа­­лар клас­сикалық, нео­клас­­си­ка­лық және заманауи қо­йы­лым­дардың сан алуан үзін­ділерінен тұратын нағыз отшашу жасайды.

 

«Егемен-ақпарат»