Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Маңғыстауға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетін болды

678 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов өңірде қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен шаруаларға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстауға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетін болды

Әкімнің айтуынша, кейінгі 2 жылда мұндай қуаңшылық өңірде қайталғанбаған.

«Өткен жылдың соңында біз арнайы облыстық бюджеттен қаражат бөліп, тиісті жем мен шөпті сатып алдық. Яғни Ақтөбе облысынан шөп сатып алып, оны тиісті шаруа қожалықтарына жеткіздік», деді облыс әкімі.

Белгілі болғандай, шаруаларға шөп Ақтөбе облысынан жеткізілетін болды. Алайда жем-шөптің бағасына қатысты мәселе бар екенін айтылды.

«Қуаңшылыққа байланысты біз арнайы штаб құрдық. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ақтөбе облысынан шөп әкелу үшін меморандум жасалды. Жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінді», деді өңір басшысы.

Өңір басшысы бұл жұмысты әлеуметтік корпорация арқылы үйлестіретінін жеткізді.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы жем алу бойынша тиісті қаражат бөлінді. 10-20 маусымға дейін 10 вагон жем өңірге жеткізілуі керек. Оларды біз әрбір ауданға жеткізіп береміз. Шаруа қожалықтарына жем арзан бағамен беріледі», деді Серікбай Тұрымов.

Айта кетсек, Маңғыстау облысында 5 аудан бар: Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған. Осыған дейін Ауыл шаруашылы министрлігі Маңғыстау облысына жем-шөп сатып алуға және жеткізуге 204 млн теңге бөлінгенін хабарлаған.