Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Семейде жол апатынан 3 адам зардап шекті

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қалалық ПД мәліметінше, екі көлік соқтығысып, 3 адам оның ішінде 1 бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жол апатынан 3 адам зардап шекті

Жол апаты бүгін Разин мен Өскемен көшелерінің қиылысында болды.

«Таңғы сағат 08.00 шамасында Subaru мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан 3 адам зардап шеккен. Екі әйел мен бала бірден медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.